АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қытайда жұмбақ жағдайда көз жұмған арудың туыстары мән-жайды баяндады[:]

[:kz]

Қытайда көз жұмған студент қыздың туғандары оның сол күні Қазақстанның өзге де студенттерімен бірге клубқа барып, жігітпен танысқанын айтып берді. Дәл сол жігіт қыздың өмірінің соңғы минуттарында жанында болған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ. NUR.KZ.

 
Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

19 жастағы Сандира Серікханова қытайлық Чанчжоу қаласында осы жылдың 26 сәуір күні қайтыс болды. Қытай полициясының ресми мәліметінше, қыздың өлімі жазатайым жағдай деп танылған.

Алайда марқұмның туғандары полицейлердің мұндай шешімімен келіспейді. Олар қыздың аяқ асты көз жұмғанына немесе өзіне қол жұмсағанына сенбейді.

Тергеу нәтижелеріне сай, Сандираның денесі жеті қабаттан тұратын сауда үйінің үстінен табылған. Ал арудың өзі 17-і қабатта тұрған.

Жеті қабатты сауда үйі болатын. Ол 10 қабатты ұшқан», — деді марқұмның әпкесі Әлнұр Ағаева.

Бұдан бөлек, әйел адам Сандираның өліміне бірнеше сағат қалғанда жігітпен танысқанын айтты. Ол аруды тұрғын үйге алып кірген.

Қайғылы оқиға орын алмас бұрын олар пәтерден шығып, дәлізбен лифтіге қарай жүрген. Ол сәтте қыз жылап тұрды. Жігіт алдыда келе жатты, ал Сандира артынан ерді. Бозбала лифтті шақырған кезде балкон жақтан айқай естіген.

Жігіт дауыс шыққан жақа жүгіріп барған. Ол балконнан қыздың бір аяқ киімін тауып алыпты. Ал Сандираның өзін сауда орталығының шатырынан анықтаған.

Барда Сандирамен бірге Қазақстанның өзге де студенттері болғанына қарамастан, олардың ешқайсысы қыздың ата-анасымен сөйлесуді қаламаған.

Бойжеткен үйдің үлкені болған. Енді оның ата-анасында Сандираның 14 жастағы інісі мен 2 және 5 жасар бүлдіршіндер қалды.

Әпкесінің өлімі жайлы тек үлкен інісіне айтылды. Қайғылы хабарды ауыр қабылдаған жасөспірімнің жүрегі ұстап қалған. Кішкентайлар әлі күнге дейін әпкелерінің көз жұмғанын білмейді.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров қытайлық полицияның қазақстандық студенттің өлімін қосымша қарағанын хабарлады. Алайда қайта қарау нәтижесі өзгеріссіз қалған. Өлімнің себебі жазатайым оқиға деп айтылған.

Бұдан көбірек мәліметті сот-медициналық сараптамасы кезінде алуға болатын еді, алайда марқұмның әкесі денені ашудан бас тартқан.

 

Дереккөз: КТК

 
 
  

[:]