АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қытайдағы 13 қазақ не үшін сотталды?[:]

[:kz]

ҚытБүгін қытайлық арнаның жаңалықтарынан көрсетілген репортаж елімізде әлеуметтік желілер арқылы тарап кетті. Қытайдағы бір топ қазақ азаматтарына үкім оқылып жатқан сәті түсірілген видеожазбада не айтылды? «Жас Алаш» тілшісі саралап көрді.

Қытайдың Шыңжаң аймағына қарасты Алтайдың Шіңгіл ауданында болған жайт аудандық телеарнаның эфирінен ұсынылған.

«31-наурызда түске дейін Чиң Хы (Шіңгіл. – Ред.) ауданында тұңғыш рет қара қолдар тобын аудандық халық соты ашық түрде соттады. Аудандық халық құрылтайы өкілдері, саяси кеңесшілер, мекемелік қызметкерлер, зардап шеккендер және сотталушылардың туыстары бастаған барлығы 150-ден астам адам қатысты. Сот Мамырбек бастаған 13 айыпталушыны зорлау, құмар ойындары орталықтарын ашу, заңсыз қару-жарақ ұстау, топтасып төбелесу сияқты 5 түрлі қылмыстық іс бойынша айыптап отыр, — дейді жаңалық жүргізушісі.

Бұдан ары қолдары кісендеулі күйде сот залына кіргізілген бір топ ер-азаматтарға үкім оқылып жатқан сәті көрінеді.

Кадр сыртындағы мәлімет бойынша бұл – Чин Хы ауданында ашылған алғашқы бұзақылық іс болып отыр., Судьяның айтуынша, Мамырбек өзінің  сыбайластарымен бірігіп, көптеген заңсыз әрекеттермен айналысып келген. Күш қолдану арқылы әйелдерді қорқытып, жыныстық қатынасқа итермелеген, белгілі бір жерлердегі халықты құмар ойындар ойнауға шақырып, өзі содан пайда тауып отырған. Қауіпті қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз ұстап келген.

Сонымен қатар, суық қару қолдану арқылы тонаумен де айналысқан деген айып тағады. Айталық, 147-алтын кеніне қарумен қорқытып басып кіріп, адамдардың денсаулығына қауіпті дәрежеде зақым келтірген. Көшедегі көліктерді қиратқан, қоғамдық орындарда басқаларды ұрып-соққан.

Қысқасы, Мамырбек бастаған 13 айыпталушыны мемлекеттік заңды елемей, өз алдына қожа болып, қоғам қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіргені үшін бір жарым жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айыру үкімі және дүние-мүлкін тәркілеу үкімі кесілген.

Қытайдағы 13 қазақ не үшін сотталды?

Репортаждың соңы осы жолғы қылмыстық іс – қылмысқа қарсы ауданда іске асып жатқан әр түрлі шаралардың бір парасы, басы деген мағынада аяқтайды.

Сонымен қатар, «Қоғамдағы зұлым күштерге қарсы күрес», «Бүлікті тізгіндеу», «Содырларды жою», «Төңкерісшілерді құрту», «Қатаң соққы беру қозғалысы» және «Қарақолдарды сыпырып, зорекерлерді жоғалту» сияқты саяси науқандар аталады. Осы саяси науқандар аясында халыққа тыныш өмір сыйлау мақсатында аянбай жұмыс істеу жалғасатынан айтады қытайлық арна. 

Видеожазбада аты бірнеше рет аталған Мамырбек КӨПЖАСАР – ірі кәсіпкер. Ұлты – қазақ. Әлеуметтік желі қолданушылары оның «қазаққа көп жақсылық жасаған азамат» екенін жазуда.

Қытайдың осы өңірінен келген ақын Ұларбек ДӘЛЕЙ Facebook парақшасындасотталған өзге азаматтар туралы мынадай ақпарат береді:

«Бергі жағынан санағанда екінші тұрған жігіт Дәулет — 75кг салмақта қытайда өзіне қарсы келер боксшы аз еді. Спортты ерте тастап, бизнеске кеткен.

Тағы біреуі Төлеш — футболшы. Тіпті, кезінде қытайдың мемлекеттік командасында ойнаған». 

Еске сала кетейік, бүгін Шыңжаңдағы Алтай аймағы, Шіңгіл ауданында 15 қазақ азаматының сотталғаны жайлы ақпарат тараған.

Видеожазбаны қазақшалап берген Мұратбек Кәдіржан.

«Жас Алаш

[:]