АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қытайлық алтын өндірушілерді сабаған қырғыздар сотталуы мүмкін[:]

[:kz]

Қытайлық алтын өндірушілерді сабаған қырғыздар сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап.

5 тамыз күні Қырғызстанның Нарын облысындағы Солтон-Сары аймағында қытайлық алтын өндірушілері мен жергілікті тұрғындар арасында жанжал туды. Нәтижесінде 20-ға тарта Zhong Ji Mining компаниясының қызметкерлері зардап шеккен. 

«Жақын маңдағы ауылдың 300-ге жуық тұрғыны Zhong Ji Mining компаниясының алтын кенішіндегі жұмысты тоқтатуды талап еткен. Екі тарап бір-біріне тас лақтырысқан», — деп хабарлаған өңір әкімшілігі.

Солтон-Сары өңіріндегі шахта маңында мал өлімі көбейгендіктен наразылыққа барған. Малдарының жаппай қырылуына жақын маңдағы өзендердегі жарылыс пен химиялық судан улану себеп болған. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Аталған дерек бойынша Нарын облысы ішкі істер департаментінің қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізімінде тіркелді, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», — деп хабарлады Қырғызстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Аймаққа Қырғызстан вице-премьері Кубатбек Буронов келіп, жағдайды бақылаған. Алайда, Қырғызстан үкіметі компанияға қатысты ешқандай айғақ таба алмады.

Stan.kz 

[:]