АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қытайлықтар мысық пен иттің етін жеуден бас тартпақ[:]

[:kz]

Алғашқы коронавирус Ухань қаласындағы жабайы жануарлар базарына барған адамдардан табылған болатын

Коронавирус пандемиясы пайда болғаннан бері Қытайдың Шэньчжэнь қаласында жабайы жануарлар саудасын азаюту мақсатында қала тұрғындарының ит мен мысық етін жеуіне тыйым салынбақ. Ғалымдар коронавирус адамдарға жануарлардан жұққан деп күдіктенеді, деп жазады Qamshy.kz Reuters басылымына сілтеме жасап.

Алғашқы коронавирус Ухань қаласындағы жабайы жануарлар базарына барған адамдардан табылған болатын. Ол базарда жылан, цивиан және басқа да жануарлардың еті сатылған. Шэньчжэнь қаласы билігі жариялаған осындай шектеуден кейін, қала тұрғындары арасында наразылық туған. Алайда, бұл бастаманы жануарларды қорғау топтары қолдады.

Қытай билігі иттер мен мысықтарды жеуге тыйым салатын заң 1 мамырдан бастап күшіне енетіндігін мәлімдеді.

[:]