АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қыз күйеуге қыз болып тиюі керек[:]

[:ru]

[:kz]

kyzБелгілі суретші-иллюстратор Аңсаған Мұстафа өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қыз баланың жүріс-тұрысына, тәрбиесіне қатысты көзқарасын білдіріпті.

«Қыз күйеуге, яғни, қыз күйінде тиюі керек, әркіммен жүрмеуі керек, тиейін деп жатқан күйеуін әкесіне көрсетіп алу керек, “вахабит” боп шықпас үшін. Қыз өзін-өзі сыйлата білу керек, ешкімнің оны ұруға құқы жоқ», – дейді Аңсаған Мұстафа.

– Қыздар, сендер – еліміздің азаматысыңдар. Балаларды бала кезінде жүкті болдырмау, неше түрлі жаман аурулардан сақтау, балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Қазір 15 жасар қыздар балалы болып, қыз емес боп қалғандары қаншама? Сол үшін баламан дос болу керек. Сөйлесу керек. Түсіндіру керек. Бұндай әңгімеден қашпау керек. Кейбір еркектерде намыс бар, түкке тұрғысыз, қызы екіқабат болғанын білген бойда үйден қуып шығатын. Өзі не істерін білмей тұрған қыз балалар содан өздеріне қол да жұмсап жатады, – деген пікір білдіреді ол.

Аңсаған Мұстафаның айтуынша, қыз да, ұл да он үшке келген бойда осы тақырып төңірегінде сөйлесе бастау керек. Ол баланың ойын бұзу емес. Сақтау.

– Соны қашан түсінеді еркектер? Мамасы сөйлесу керек дейсіңдер ме? Мамасы өмір бойы жезөкше болған болуы мүмкін, оған қызының өйткені қалыпты жағдай болуы мүмкін. Еркектер қыздарыңды қолға алыңдар. Қамқор болыңдар, ақырындап сөйлесіңдер.
Баланы ұратын әкеден, әйелді ұратын байдан, қызды жүргіш жігіттен, жақсы жігітті жаман, жүргіш қатыннан сақтау керек, – дейді ол.

15271546_1059717724154540_328066914_o 

 

[:en]

[:]