[:kz]
«Қазақ азаматына лайық болсаңыздаршы!», — деп жазды әлеуметтік желіде.
Әнші Нұрболат Абдуллин өнердегі әріптестерінен қалыспай, ыстық жаққа демалысқа кетті. Мальдив аралдарына аттанған әнші желіде демалыс кезіндегі суреттерімен бөлісіп, көптің қызу талқысына түсті, деп жазады Nur.kz.
Әнші отандық өнер иелері арасында танымал болған аралда қалай демалып жатқанын Instagram желісіндегі суреттерден байқауға болады. Демалысы қалай өтіп жатқанымен бөліскісі келген әншіні желіде сынға алған адамдар жетерлік.
«Қыздар құсап, өзіңізді сала бердіңіз», «Еш ренжімеңізші, бірақ, мына денемен дәл осылай билеудің қажеті жоқ», «Жарасып тұрған жоқ», «Ер жігітке жараспайтын қылық екен. Қазақ азаматына лайық болсаңыздаршы!», «Өзіңізді сала бермей, отбасыңызбен бірге түскен сурет те салып тұрсаңызшы», — деп жазуда көпшілік.
Кері пікір айтушылармен қатар, әншінің дене сымбатына тамсанғандардың да қарасы қалың.
«Пах, шіркін! Демалысыңыз жақсы өтсін!», «Не деген дене, жаттығу залынан шықпағаныңыз көрініп-ақ тұр!?», «Өте тартымдысыз» , — деп жазды желі қолданушылары.
[:]