[:kz]
Қазнетте бір топ ер азаматтың бойжеткенді ақ кілемге салып, ұзатып жатқан видеосы пайда болды. Мұндай салтты бұрын-соңды көрмеген желі қолданушылары таңданысын жасыра алмай, түрлі пікірлерін білдіруде деп жазады KAZ.NUR.KZ. Видеодан ақ кілемде отырған бойжеткенді бір топ ер азамат ақ кілемге отырғызып, жабыла көтеріп, үйден шығарып жатқаны байқалады. Бұл жайттың видоесымен бөліскен Instagram желісінің svadba_kazzz парақшасы мұндай ұзату еліміздің батысында болғанын жазған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Дереу батысқа барамыз ба, не істейміз ағайын? Біз көрмеген қанша салт бар сіздерде өзі?», — деп жазған видеомен бөлісушілер. Желі қолданушыларының дені батыста мұндай салт жоқтығын жарыса жазуда. «Ондай салт жоқ қой батыста», «Өмірімде батыста мұндай салт көрмедім», «Бұл қайдан шыққан салт тағы», — деп жазған олар.
Бір топ қызбен отырған Нұрболат Абдуллин желіні шулатты Десе де қызын кілемге отырғызып ұзату елімізде бар деушілер де табылды.
«Маңғыстауда салт осылай. Қызды ұзатады. Екі күн той болады. Кешке «қыз қашар» береді. Сосын ағаш үйден сүйреп шығарады», «Ноғайлықтар болу керек, ақ киізге тектілігін сақтап, үйінен ұзатады», «Қыз ұзатып жатыр. Кілемді тек ағалары көтереді», — деп жазған өзге пікір қалдырушылар. Бұл салтты бірі ұнатса, енді бірі сын-пікірін жаудырған. «Ақ киізге отырғызып, хан көтереді» деген бар еді, мынасын білмедім», «Келінге не деген құрмет», «Не болса да, ұзатылып бара жатқан қыздың абыройын көтермелеу шығар? Ағаларының шығарып салуы сияқты ғой», — деп топшылады желі қолданушылары. Еске салсақ, бұған дейін ШҚО тұрғыны карантин шектеуіне қарамастан қыз ұзату тойын өткізгенін жазған едік.
[:]