[:kz]
«Бача-пош» салт-дәстүрі Пәкістан мен Ауғанстанда ежелден бері ұстанып келе жатыр. Дәстүрге сәйкес, отбасыда кілең қыздар туған жағдайда, олардың бірін ұл ретінде тәрбиелеп өсіреді деп жазады zerkalo.cc сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ұл бала ретінде өсіруге таңдалған қыздың шашын қысқартып, оған ер адам атын береді. Ол үнемі ұлдардың киімін киіп жүруге міндеттеліп, мейрамдарда тек қана ер балаларға сай сыйлық алады.
Есік алдында ол үнемі ұлдармен ойнап, тіпті төбелесіп қалуы да мүмкін.
Бұл мемлекеттерде әйелдерге қарағанда ер адамдардың құқығы мен бостандығы анағұрлым жоғары тұрады.
Ұлға айналған қыз бала бача-пош тәжірибесінің арқасында білім алуға мүмкіндік алып, үй жинау мен тамақ әзірлеу іспетті міндеттерден құтылады.
Отбасы қызының тұрмыс құратын уақыты келгенін шешкен кезде, оны қайтадан бойжеткен қалпына қайтарады. Бұрында оған жасауға рұқсат етілген нәрселердің көбі бір күнде оған қатаң түрде тыйым салынған болып шыға келеді. Аруға қайтадан жаңа өмірге үйренісуге тура келеді.
Қыздардың көпшілігі бұл тәжірибені аса ауыр қабылдайды. Олардың кейбірі тіпті өмірін ұл ретінде жалғастыра бергісі келіп қалады. Олар тамақ әзірлеп, үй жинауды білмейді. Бача-поштан өткен аруларға қайта бұрынғы қалыпқа келу психологиялық тұрғыдан аса ауыр екен.
Фото zerkalo.cc сайтынан алынды
[:]