[:kz]
Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай инстаграм парақшасында жазды .Ол жігіт сол жердің тұрғыны болып шықты
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Түн жарымда көшеге атып шығып, жанұшыра көмек сұраған қызды зорлықшылардан құтқарған жігіт міне
Рүстем Көшербаев , мамандығы инженер-құрылысшы. Сол түні (28/07 00:20) Талдықорғаннан Алматыға келген беті екен. Рысқұлов маңындағы тупик көше Бродскийге бұрылғаны сол екен көмек сұраған қыз көліктің алдынан атып шығады. Ары қарай не болғанын бәріңіз видеодан көрдіңіздер.
— Түн жарымда елсіз көшеден жанұшыра көлікке жүгірген қызды көргенде не ойладың?
— Әрине, ең алдымен артынан өкшелей қуып келе жатқан жігіттерден қорғауым керек дедім. Басқа ой менде болған жоқ. Қайдан шықты? Не болды екен деп анықтап тоқтағанша екінші жігіт жүгірді. Қалтамда рұқсат етілген қаруымды аспанға аттым. Сонда ғана қыз қуушылардың беті қайтқандай болды. 102-ге хабар бердім. 5 минуттың ішінде 4 патруль көлігі келді. Полиция қызды өз көліктеріне мінгізіп, алып кетті.
— Қыз не айтып үлгерді? Мас па екен?
— Жасы 22-де, Ұзынағаштың қызы екен. Атын сұрамадым. Такси ұстап тұрғанда екі жігіт келіп, “бізбен по пути жеткізіп тастайық” деген. Өз жолынан басқа жаққа бұрылғанын көріп, айқайлап қарсылық танытқанын айтты. Алайда, #uber таксист айқайлап жылап жатқаныма қарамастан мені күштеп түсіріп кетті. Жігіттер сол маңдағы мүрдеге қарай сүйреді. Осы сәтте менің көлігімнің жарығын байқаған бойжеткен бар күшімен ытқып шығып алдымнан жүгіріпті. Истерикасы тоқтаған соң сөзі дұрысталды, мастығын байқамадым.
— Үнемі жол үстіндесің? Осындай оқиғалар жиі кездесе ме? Шамасы, 4 рет болды осындай оқиға. Көбіне, трасса бойында жігіт пен қыз келіспей ұрсып қалады, ашумен тоқтатады. Көмек сұраған адамның қолын қайтармаппын.
— Сіздің бұл ісіңізді батырлыққа теңеп жатқандар бар, қанша дегенмен шегіп алған, ішіп алған жігіттер?
— Иә, сіздің комменттерді оқып таң қалдым әрі ұялып кеттім. Меніңше, қиналған жанды көрген әр адам көмек береді деп ойлаймын, бұл жәй адамгершілік қой. Мен және өзім танитын достарым, жақындарым болса дәл мен сияқты көмектесер еді. Өзім сол маңда тұрамын, көшем қылмыстан аулақ болса екен деймін
Қазіргідей “бәлесінен аулақ” дейтін заманда адамгершілік батырлыққа теңелгені рас.
Дегенмен,тупик көшеде камераға жүздері анық көрінген күдіктілерді полицияның әлі таппауы көңілге күдік ұялатады

инстаграмға ойымның бәрі сыймады білесіздер.
Рүстем өзі Алматының жігіті екен, осындай тәрбие берген ата-анасына мың алғыс Сториста “бойдақ па екен?” деп көп қыз жазып үлгеріпті үйленген, Әли есімді ұлы өсіп келеді. Өзі сол маңда тұратын болғандықтан, бітеу көшемен жүрген. Бір жағы мүрделер, бір шеті жол жоқ бітеді. Видеода жүріп бірден тоқтағанымды байқаған боларсыздар, себебі қыз зорлағыштарға үйімді көрсеткім келмеді. Ал, менің тоқтағанымды передумал деп ойласа керек, ағаштың арасынан екінші жігіт көлікке жүгірді. Сол кезде газовый пистолетін қолданған. Әзірге @almaty_police_department уәде еткен марапат та қарақат та жоқ, Рүстемді тек допросқа шақыруда. Ең сорақысы, өзі тірелген тупик көшеден бақандай 4 патруль көлігі 2 жігітті қалай таппай қалған???
Әлі таппағаны қорқынышты @rustam.abdrakhmanov_ қоғамды дүр сілкіндірген сұмдық оқиғадан не хабар бар- деп жазды жүргізуші
[:]