АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қызылорда облысында қызды ұрып, видеоға түсіргендер анықталды[:]

[:kz]

Полиция қызметкерлері қызды ұрып-соғып, видеоға түсіргендерді анықтады.

Видеодан кадр

Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті хабарлайды.

Оқиға 17 сәуірде Тасбөгет кентінде орын алған. Жәбірленушінің ата-анасы полицияға арызданбады. 

«Әлеуметтік желілерде таратылған бұзақылық фактісі бойынша тексеру барысында полиция қызметкерлері өз замандастарын ұрып-соғып, бейнеге түсіргендерді анықтады. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабы (бұзақылық) бойынша алдын ала тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», — делінген хабарладмада.

stan.kz

[:]