[:kz]
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Қызылорда облысының Жалағаш ауданында апатқа ұшыраған тікұшақта болған әскери қызметкерлердің өлімі туралы хабарлады. Тікұшақта болған 13 әскери қызметкердің бәрі қаза тапқан, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
«Биылғы жылдың 27 наурызында ҚР ҚМ тікұшағының апатының салдарынан әскери борышын өтеу барысында бортта болған 13 әскери қызметкер көз жұмды», — делінеді хабарламада.
Қазақстанның Қарулы күштерінің барлық жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
Хабарланғандай, Қорғаныс министрлігінің басшылығымен моральдық және материалдық көмек көрсету бойынша шаралар қабылданады.
Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысында Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан тікұшақ құлады. Тікұшақ басқа төрт әскери тікұшақтармен топ құрап, Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан. «Алтын Жебе» атты арнайы бөлімдердің оқытуы әрі кешенді тексерісі болған соң, тікұшақтар бір қаладан екінші қалаға ұшуды көздеген.
Президент Тоқаев қайғылы оқиғада қаза тапқандардың жанұясына көңіл айтып, тергеу жұмыстарын бастауды бұйырды.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылып, апат орнына жіберілді.
[:]