АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қызылорда облысының әкімі 9 млн теңгенің сағатын қалай сатып алғанын айтып берді[:]

[:kz]

 

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев астаналық журналистерден неге қашқанын және желіде қызу талқыланған 9 млн теңге тұратын қол сағаты туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде облыс әкімінің журналистің сұрағына жауап бермей, жүгіре басып қашып кеткен видеосы таралғаннан кейін, Нәлібаевқа ақталуға тура келді.

 

«Бүгін Парламент мәжілісіндегі тыңдауға қатыстым. Жиын аяқталардан 15-20 минут бұрын сұранып, келесі іскерлік кездесуіме асығыс шығып кеттім. Маған бетпе-бет ешқандай журналист тікелей қаратып сұрақ қойған жоқ. Алайда, баспалдақта менен өзге де адамдар болғандықтан, артымнан атымды немесе қызметімді атап қойылған сауалды естімегеннен кейін, кешігіп бара жатқан кездесуіме жылдам жүре бердім», — деп жазды Нәлібаев желідегі парақшасында. 

Сондай-ақ ол әлеуметтік желіде қызу талқыланған өзінің қымбат қол сағаты жайлы айтты. Бұған дейін желі қолданушылары сағаттың бағасы шамамен 9 млн теңге екенін жазған.

Айтуынша, әлеуметтік желіде тараған сурет 2016 жылы түсірілген. Бренд өнімді бизнесмен кезінде сатып алған.

«Негізінен, бұл сағатты ертеректе алғанмын. Менің мемлекеттік қызметке дейін 10 жылға жуық бизнес саласында жүргенімді өмірбаянымнан көре аласыздар. Сондықтан бұл мәселеде жасырын ештеңе жоқ деп ойлаймын», — деді әкім.

Нәлібаев әрдайым БАҚ өкілдерінің сауалдарына ашық жауап беруге дайын екенін жеткізді.

Айта кетсек, бұған дейін үкімет сайтында Нұрлыбек Нәлібаевтің қымбат сағат таққан фотосы пайда болған еді. Кейіннен суретті фотошоппен өзгертіп тастағаны белгілі болды. 

 

[:]