АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қызылорда облысының әкімі президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды[:]

[:kz]

Қырымбек Көшербаев Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын», — делінеді хабарламада. 

Сонымен қатар президент Бақытжан Сағынтаевты президент әкімшілігінің басшысы қызметінен  босатты.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды», — делінеді Ақорданың хабарламасында.

 Stan.kz

[:]