АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қызылордада 13жасар қызды ауылдастары зорлап таңға жақын көлшіктің жағасына тастап кеткен [:]

[:kz]

 

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында он үш жастағы қызды, ауылдас, ересек екі жігіт зорлаған. Бұл туралы жәбірленушінің анасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Ол азғындар жазаланбай, ауылда тайраңдап жүргеніне ашулы. Оқиға осыдан 5 ай бұрын болған. Анасының сөзінше, 22 және 25 жастағы ауыл тұрғындары 9-шы мамыр күні кешқұрым оқушы қызды алдап, бірінің үйіне апарған. Азғындық әрекеттерін жүзеге асырған соң, таңға жақын ауыл шетіндегі көлшіктің жағасына апарып тастапты. Сол күні жәбірленуші тарап арызданғандарын айтты. Бірақ іс «сағызша созылып» келеді деп отыр. Ал кәмелет жасына толмаған жасөспірімге қиянат жасағандар бостандықта жүр деп ашынды.  

 

«Олар ешқандай жауапқа тартылған жоқ. Жауап алынған да, қамалған да жоқ,  келген де жоқ. Бес ай жүзінде мен полициядан ешқандай ақпарат ала алмағандықтан, Қызылорда облысынан адвокат жалдап, істі көтергенімде істің қысқартылғанын білдім. Сол екеуінің жазаға тартылып, баламды бүлдірген, сол таңатқанша істеген қорлықтарының жазасы тартылсын», — дейді жәбірленушінің анасы.

Оқиғадан кейін, мектеп психологтары қызбен жан-жақты жұмыс жүргізген. Ал облыстық ішкі істер департаменті аталған дерекке қатысты жазбаша мәлімдеме жасады. Онда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын және іс департамент басшылығының қатаң бақылауында деп жазылған.

[:]