АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қызылордада 15 жасар бала шенеунік атанды[:]

[:kz]

Қызылордада 15 жасар жасөспірім шенеунік атанды. 9 сынып оқушысы Дамир Бозаев облыстық мемлекеттік істер мен жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қызылорда облысындағы департамент басшысының штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқармақ. Бұл туралы өңірлік ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жас жеткіншек мектептік «Адал ұрпақ» еріктілер тобының белсенді мүшесі, озат оқушы. Оған қоса, өзінің жетістіктері үшін ол юірнеше диплом мен алғыс хаттарды иеленген.

Аталмыш агенттіктің мәлімдеуінше, Дамир Бозаевтің басты міндеті мектеп аясында жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру болмақ.

«Біз оқушылар арасында жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін енгізбекпіз. Олардың адал еңбекке шақырамыз. Бұл мәселе бойынша бізге «Адал ұрпақ» клубтары белсенді түрде көмек көрсетуде» , — деді департамент басшысы Абзал Мұхимов.

Оның сөзінше, наурыздың басында бұл еріктілер клубының қызметін барынша дамытуды қолына алатын ең жас кеңісші тағайындалған. «Біз оқушыларға жемқорлыққа қарсы күрес тәрбиесін өз тілдерінде жеткізген дұрыс деп есептейміз» , — деді ол.

KAZ.NUR.KZ.

[:]