[:kz]
Қызылорда облысында «Атамекен» ауылдық үлгідегі балалар үйінің үш тәрбиеленушісі іздестірілуде. Жасөспірім қыздар белгісіз бағытқа кетіп қалған. Алдын-ала болжам бойынша, тәрбиеленушілер белгісіз ер азаматқа еріп кеткен болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жоғалып кеткен қыздардың жас шамалары 15 жастан 17 жас аралығы. Олардың жоғалып кеткендері 25 наурыз түнгі сағат 02:00 шамаларында белгілі болған. Қазір құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен еріктілер іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Қыздардың суреттері әлеуметтік желілерге тарауда. Алдын — ала болжам бойынша, жасөспірім қыздардың бірі ғаламтор арқылы белгісіз ер азаматпен танысып, араласып жүрген. Қыздардың балалар үйінен қашып кетуіне осы азаматтың да қатысы болуы мүмкін. Қазір күдіктінің де суреттері жан-жаққа жіберілуде. Алайда нақты нәтиже болмай отыр.
«Қазіргі уақытта облыстық полиция департаментінің жеке құрамы іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Шараға ат салысып жатқан қала тұрғындары да бар. Жоғалған қыздар туралы қандай да бір мәлімет білетін облыс тұрғындары болса, тәртіп сақшыларына хабар берулерің сұраймыз», — деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
[:]