АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Қызылордада ыстықтан желімі ашылып қалған «құданың аяқ киімі» елді күлкіге қарық қылды [:]

[:kz]

Қызылордадағы аптап ыстықтан желімі ашылып, «быт-шыты шыққан» ер адамның аяқ киімі туралы видео желіде танымал болды. Видео авторы аяқ киім тойда отырған құдаға тиесілі екенін айтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Қызылорданың ыстығынан желімі ашылып, жарамсыз болып қалған құданың аяқ киімі туралы видео желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды. «Мынау Қызылорданың ыстығы… аяқ киімнің бүкіл желімі еріп, ашылып, быт-шыт болып кеткен. Күнде тұрғаннан сөйтіп кеткен. Оның үстіне мынау құданың аяқ-киімі ғой. Той болып жатыр. Ай, Қызылордам-ай», — дейді видеоны түсірген әйел. Желі қолданушылары «құданың аяқ киімі» туралы видеоны күлкіге айналдырды. «Құданың аяқ киіміне обал болған екен», «Енді құдаға шапанның орнына жақсы аяқ киім сыйлау керек шығар»,

«Енді келместей болған шығар», — дейді видеоны көргендер.  Ал Айдар Қайруллаев желідегі парақшасында 3 шілдеде Қызылордада ауа температурасы 62 градусты көрсеткенін айтады. «Қызылордада ауа температурасы 62 градус жоғары болып тұр. Қызылорда қаласындағы ауа температурасын Мұрат досым өлшегенде осылай көрсетті. Синоптиктер алдағы күндері ыстық болады деп жатыр, абай болыңыздар!», — деп ескертті ол оқырмандарын. 

 

«kaz.nur.kz

[:]