АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қызылордада жоғалып кеткен алты жасар бала өлі табылды[:]

[:kz]

Қызылордада жоғалып кеткен алты жасар бала өлі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, бала екі күн бұрын жоғалып кеткен.

Оны іздеуге полиция департаменті, қалалық полиция басқармасы, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамы, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

29 сәуірде таңертең жеке тұрғын үйдегі кәріз құдығынан жоғалып кеткен баланың денесі табылды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Тергеу басталды, — деп түсініктеме берді Қызылорда облысының полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.

[:]