АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қызылжарда 10 жасынан бері трактор тізгіндеген әже тұрады[:]

[:kz]

40 жылдан астам уақыт ауыр техника айдаған әйел 2,5 жыл бұрын зейнетке шыққан

Бүгінгі күні қоғамдық көлік жүргізген әйел адамдарды көрсек таңырқамайтынымыз рас. Қыздардың әр салада ер адамдармен бірге иық тіресе еңбек ететіні үйреншікті құбылысқа айналған. Дегенмен, трактор тізгіндеген нәзік жандар некен саяқ. Солардың бірі — Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылжар ауданының тұрғыны Людмира Коробейникова. 40 жылдан астам трактор тізгіндеген әжеймен Azattyq Rýhy тілшісі сұхбаттасқан еді. 

ЛЮДМИЛА КОРОБЕЙНИКОВА  КӘСІБИ МЕХАНИЗАТОР

Людмила Коробейникова – кәсіби трактор жүргізушісі. Орта мектепті тәмәмдаған соң білімін механизаторлық курста жалғастырған. Мамандық таңдау мәселесі туғанда жас қыз көп ойланбай, әкесінің жолын жалғастыруды ұйғарыпты. 10 жысынан бері тракторға отырмаған күні есінде жоқ. Оны осы көліктің рөліне алғаш рет отырғызған да әкесі. Кейіпкеріміз 6 сынып оқып жүрген кезінен бастап ер адамдарға қыстық отын әзірлеуге жыл сайын көмектесетінін еске алады. 40 жылдан астам уақыт ауыр техника тізгіндеген әжей 2,5 жыл бұрын бұрын зейнетке шыққан. Жасы алпысты алқымдаса да, тракторға қарғып мініп, үйреншікті етпі қимылмен моторды іске қосады.

«Мектепті тәмамдаған соң құрбыларыммен бірге механизаторлық курсқа қабылдандым. Қыздардың ешқайсысы оқуын аяқтаған жоқ. Мен бұл мамандықты меңгеріп, өмір бойы кәсіп еттім. 1977 жылдың 21 мамырында өзім жұмыс істейтін мекеме бригадирінің бұйрығымен МТЗ-50 тракторына отырдым. Оның тізгіні қолыма тиген күн әлі есімде. Трактормен егістік алқабына су, тыңайтқыштар жеткізіп тұрдым. Кейін картоп егуге арналған тіркемемен жұмыс істедім. Ол кезде механизатор әйелдердің саны аз болса да, бүгінгідей таңсық емес еді. Қазір қыздар түгіл, ұлдар да жұмыстың жеңілін іздейді», — деп ағынан жарылды Людмила Коробейникова.

БІЗДІ ТРАКТОР ТАБЫСТЫРДЫ

Новокаменка ауылының тұрғындары үшін Людмила Ивановна мен трактор егіз ұғым істепетті. Ал жақын достары мен әріптестері оны тракторды тізгіндеген әйел ретінде ғана емес, сүйікті жар, аяулы ана, мейірімді әже, жарқын мінезді жан, ретінде таниды. Жолдасы Николайды да болашақ жарының тракторға деген құмарлығына қызықтырыпты. Отағасы болашақ жарына осы қасиеті үшін ғашық болғандығын айтады. Екеуі жұмыс барысында танысқан. 38 жыл отау құрып отырған өмірлік жолдасымен бірге екі қыз тәрбиелеген. Қазір немерелерінің қызығын көріп отыр. Ерлі-зайыптылар жұмысты да, үй шаруасын да бірге тындырады.

«Людамен танысқанда ол 16 жаста ғана болатын. Ерлерге тән ауыр жұмыс істесе де, өте жұмсақ мінезімен ерекшеленді. Екі қыз тәрбиелеп, немере сүйіп отырмыз. Бақытты отбасымыз. Бір-бірімізді көзқарастан түсініп отырамыз. Үйдің шаруасын да ешқашан бөліскен емеспіз. Балаларға қарау, бақшаға апару, сырттағы жұмыстар – бәрін бірлесе тындыра береміз», — дейді Николай Михайлович.

ТРАКТОРДЫ ӨЗІ ЖӨНДЕЙ БЕРЕДІ

40 жылдан астам уақыт ішінде Людмила Коробейникова ауыр техниканың түр-түрінің тілін меңгерген. Ол асфальт тегістейтін каток, жүк тиегіш, тұқым сепкіш машинамен жұмыс істеген. Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылжар ауданында Бәйтерек ауылы салынғанда тәжірибесі мол Людмила Ивановна құрылысқа арнайы шақыртылыпты. Соңғы жылдары тракторшы әйел тас жол төсейтін серіктестікте жұмыс істеп, сол ұжымда зейнетке шықты. Сол жолмен күн сайын қатынайтын мыңдаған жолаушы республикалық маңыздағы трассаны тракторист әжей төсегенінен бейхабар. Людмила Ивановна зейнетке шыққанда 60 ер адамның арасында жұмыс істеген жалғыз нәзік жанды еді. Ол ұжымдағы жалғыз әйел болғандықтан емес, еңебексүйгіш, жарқын мінезінің арқасында зор құрметке ие болды.

«2007 жылы Новокаменка мен Петерфельд ауылы аралығындағы жол учаскесін жөндеуге арналған тендерді ұтқаннан кейін Новокаменкаға бардық. Сонда Белорусь тракторында жұмыс істеген Людмиланы көріп, өзімізге жұмысқа шақырдым. Ер адамдарға қарағанда әлдеқайда епті. Жұмысын адал істейтін. Техника сынып қалса, тез жөндей алады», — дейді серіктестік директорының орынбасары Георгий Карапетян.

ТҰЛПАР МІНІПҚЫЗ ҚУУҒА ҚАТЫСҚАН

Людмила Коробейникованы өзге әйелдерден жылқыға деген қызығушылығы да ерекшелейді. Әлі күнге дейін ат көрсе, мінуге құмартып тұрады. Бірнеше рет аудандық, облыстық деңгейде ұйымдастырылған спорт сайыстарында қыз қууға қатысқан.

«1977 жылы алғаш рет аудандық қыз қууға қатыстым. Ол кезде Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі Серік Біләлов ауданда мал дәрігері болып жұмыс істеді. Тракторымды тұраққа әкеліп қойып жатсам, жылқылар әкеліпті. Серік Сұлтанғазыұлынан аттардың бірін сұрап міндім. Ол менің жылқыға отырғанымды көріп, қызқууға қатысуымды ұсынды. Мен қуана келістім», — деп есіне аладй әжей. 

Осыдан кейін Людмила Коробейникова сайыстарда бірнеше мәрте өз ауданы мен облыс намысын қорғаған. Әжей тұлпар мініп, желдей есіп жүйіткіген сәттегі сезімді әлі күнге сағынатындығын айтады.

«Интернет арқылы Грекияда тұратын құрбыммен араласып тұрамын. Ол менің бала жастан жылқыларды жақсы көретінімнен хабардар. Бірде онымен атқа мінуге бәстестім. Жасым 50-ден асқан шақ еді. Бірде мектепте мерекелік шара болып, құрбыма берген сөзімді орындаудың сәті түсті. Балалардан ат сұрап мініп, суретке түсіруді өтіндім. Жанымыздан өтіп бара жатқан ауыл тұрғындары менің әрекетімді таңданып әрі құлап қала ма деген үреймен қабылдады. Мен атқа еш қиналмай міндім. Суретті құрбыма жіберіп, ол бәстен жеңіліп қалды», — дей есіне алады ол. 

Бүгінде Людмила Коробейникованың жасы 60-тан асқан. Трактор туралы әңгіме туындай қалса, жанына жақын тақырыпты іліп әкетеді. Өйтекені ол 10 жастан бері сенімді серігінен қол үзбей келеді.

Эльмира МәмбетқызыСҚО

azattyq-ruhy.kz

[:]