[:kz]
Желіде ауруханада ем қабылдап жатқан қызына келіп, оны қуанту үшін терезе сыртында аққала соққан әкенің видеосы тарап кетті. Видеоны көрген желі қолданушылары әкенің ықыласына тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Видеодан аурухана терезесіне келіп, аққала жасап жатқан әкені, ал терезенің бергі жағында кішкентай сәби тұрғанын көруге болады. Оқиға еліміздің қай өңірінде болғаны белгісіз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дегенмен желі қолданушылары жас әкенің бұл әрекетіне сүйсініп, пікірлерін аямады. «Алла шипа берсін, осындай әкелер көп болсын», «Әкесінің ақ пейіліне қарай қызы сауығып кетсін», «Әкелер аман болсын», «Осындай әкелер көп болсыншы, балаларын жылатпайтын, тастамайтын, әркімге жәутеңдетпейтін. Басқа басқа әйел алып, тағы тудырып, ана балаларын ойламайтын, ер азаматтарға сабақ болсыншы», «Осындай қамқор әкелерден өзін бағалай білетін қыздар өсіп шығады», — деп жазды оқырмандар.
[:]