АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Балаларымыз әдемі болар еді»: Диана Қырықбай өзін Димашпен көңіл қосты дегендерге жауап берді[:]

[:kz]

 

Тележүргізуші, блогер Диана Қырықбай өзін ажырасқан келіншек дегендерге жауап берді. Одан бөлек Димашпен кездесіп жүр дегендерге пікірін айтты. Тележүргізуші жүрегін жаулаған азаматтың әлі кездеспегінін мойындады. 

Диана Қырықбай телеэкранда ғана емес, желіде белсенді. Желідегі оқырманы тележүргізушінің жеке өміріне қызығушылық танытып жүр. Бірі Диана Қырықбай бір рет тұрмыс құрып ажырасқан десе, енді бірі оның Димашпен көңіл жарастырғанын сөз етті. Бұған Диананың өзі жауап берді. 

 

«Мен ешқашан тұрмысқа шықпағанмын. Тұрмысқа шыққым келсе, ол қиын дүние емес. Тек жүрегіңді жаулай алатын азаматты табу қиын. Мен ондай азаматты әлі кездестірген жоқпын. Ал Димаш екеуміздің балаларымыз әдемі болар еді, әттең», — деп жазды ол. 


  •  

Желі қолданушыларның бірі «Дианаға бұрынғы жігіті сөз салып, бірақ үйленбеді. Сол себепті тележүргузіші күйзеліске түсті» деп жазды. 

Бұған Диана ханымның берер жауабы дайын.

«Мен тек қарным ашқанда ғана күйзеліске түсемін», — деп жазды блогер.

 

[:]