АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Жас актермен «сүйіскен» Кәмшат Жолдыбаева желіде қызу талқыға қалды (видео) [:]

[:kz]

Ғаламтор кеңістігінде Кәмшат Жолдыбаеваның Ғазрет Қажымұқанұлымен сүйісіп жатқан видеосы тарап, елдің қызу талқысына қалды. Белгілі болғандай, бұл жағдай отандық «Рауза» атты телехикаяның түсірілімі барысында орын алған деп жазады KAZ.NUR.KZ. Кәмшат Жолдыбаеваның қатысуымен болған ашық сахна Instagram желісіндегі парақшаларға тарап кеткен. Бейнежазбада қос актердің өзара жұлысып, артынан сүйісіп кеткені көрініс табады. Желі қолданушылары бірден бұл видеоға қатысты өз ойларын жарыса жазды. Олардың басым көпшілігі аталмыш сахнаны тым ерсі деп санады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақстан жұлдыздары (@qaz.stars)

Оқырмандар «Кешьюдің» бұрынғы әншісін қатты сынап тастады. «Мұндай ұятсыз сахналарсыз да халықты жаулауға болады ғой», «Ұят жағдай, қазақ киносы да мұндай нәрселерді көрсететін болған ба», «Біздің менталитетке жат қой. Осы актрисаның ата-анасы бар ма», «Ал не шықты? Өте ұят, бауырлары, ағалары бар шығар, шетелге еліктеудің қажеті не? біздің өз менталитетіміз бар, оны құрметтей білу керек. Осының бәрі қыз баланың тыйым көрмегенінің кесірі», «Кәмшат шөлдеп қалыпты ғой», «Ақша үшін не істемейді», «Ұят жағдай», «Кәмшат тағы қандай қылық көрсетер екен енді», — деп жазды көпшілік.

kaz.nur.kz

 

[:]