[:kz]
Отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бүгінгідей танымал болмас бұрын, қандай қызметтерді атқаруға мәжбүр болғанын айтты. Ақпарат өкілі еңбек жолын қеңседегі «барып кел — шауып кел» болып бастағанын жасырмай айтты. Ол ел мойындаған өз саласының майталманы атану мақсатынан еш тайынбағанын алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызы өзге қатарластары іспетті мейрамханада даяшы болып жұмыс істемесе де, үш-төрт жыл бойы өзі еңбек еткен мекемеде «кеңсе официанты» болғанын жеткізді.
Тележүргізуші өзінің еңбек өтіліне қатысты Instagram желісінде жазба жариялады.
«Күн жаңалығы – официант. Мен официант болған жоқпын. Бірақ, еңбек өтілімді кеңседегі «барып кел — шауып кел» қызметімен бастадым.
Біреудің кофе ішкісі келсе — Ләйлә! Қаламсап жерге түссе де — Ләйлә. Бәлкім оны «офис официанты» деп атауға да болатын шығар. Солай 3-4 жылымды осы «лауазымға» арнадым.
Кейін бірте-бірте редактор, радио-журналист, ТВ журналист деп біз де өстік қой» , — деп жазды тележүргізуші.
Айта кетейік, бұған дейін желідегілер Ләйлә Сұлтанқызын әйгілі голливудтық әнші әрі актриса Дженнифер Лопеске ұқсатқанын жазған болатынбыз. Өз кезегінде отандық тележүргізуші әлемге әйгілі жұлдыз өзіне қатты еліктеп жүргенін айтты. Қос жұлдыздың өзара ұқсастығы желіде қызу талқыға түскен болатын
[:]