[:kz]
Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «Әлем ханымы-2020» атанған Жұлдыз Әбдікәрімованың жеңісіне сенбеген жандарға жауап берді. Желіде бұл жүлдені алуда Қайрат Нұртастың ықпалы зор болғаны айтылып жатыр. Алайда, ақпарат өкілі хитменнің жары аталмыш байқауда тек өзінің күшімен топ жарғанын алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызы Жұлдыз Әбдікәрімоваға ресми түрде «Әлем ханымы-2020» тәжі мен лентасы тағылған салтанатты шараға арнайы өзі куә болып қатысып қайтқан.
Тележүргізуші ел намысын қорғап, бас жүлдені жеңіп алған Қайрат Нұртастың әйелін құттықтап, оған Instagram желісінде қолдау білдірген. Аталмыш байқаудағы жеңісінен кейін желіде Әбдікәрімоваға қатысты түрлі негізсіз ақпараттар тарап кеткен болатын. Бірі «Әлем ханымы-2020» атағын оған Қайрат Нұртас сатып алып берді десе, енді бірі оның жеңгені туралы ресми сайтта жарияланбағанына тиіст
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сонымен қатар, кейбір оқырмандар Жұлдыздың жеңісіне оның енесі Гүлзира Айдарбекованың да тікелей қатысы бар деп жазып жатты. Бұл айтылған мәліметтердің барлығын Ләйлә Сұлтанқызы өз жазбасында жоққа шығарды. Ол Әбдікәрімованың жеңісіне сенбегендерге жауап беріп, келер жылы аталмыш байқауға өзі де қатысуға ниетті екенін айтты. «Ал бүгін біздің ханшайымға тәж бен лента тағылды. Қайрат Нұртас дауыс сатып алыпты, енесі бүйтіпті, ресми сайтта ақпараттың жоқ дегеннің бәрі бұл бос әңгіме екенін түсінген шығар. Үміттенемін, сенемін. Айгүл Мүкей, Майя Бекбаева келесі жылы бізде қатысайыз» , — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
[:]