[:kz]
Оның айтуынша, заңсыз митингіге қатысып ұсталған мыңнан аса адам үйіне жіберілген. Ол «Беларусь 1» телеарнасының эфирінде беларусьтарға «төбелес те, соғыс та керек емес» деді.
Беларусь президенті Александр Лукашенко халыққа шұғыл мәлімдеме жасауға дайындалып жатыр. Бұл туралы «Коммерсант FM» радиостанциясы Twitter желісіндегі парақшасында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонтке сілтеме жасап жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.ке сілтеме жасаған Skifnews.kzақпарат порталы
«Александр Лукашенко халыққа шұғыл мәлімдеме жасауға дайындалып жатыр — президенттің баспасөз хатшысы Эйсмонт», — делінген хабарламада.
Кейін бұл ақпарат аноним Telegram каналда пайда болғаны және бұл мәліметтің әлі нақтыланбағаны хабарланды.
Сондай-ақ, республика кеңесінің төрағасы Наталья Кочанова Лукашенконың атынан наразылыққа шыққан тұрғындарды ұстау мәселесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, заңсыз митингіге қатысып ұсталған мыңнан аса адам үйіне жіберілген. Ол «Беларусь 1» телеарнасының эфирінде беларусьтарға «төбелес те, соғыс та керек емес» деді.
«Президент еңбек ұжымдарындағы адамдардың пікірін естіп, маған наразылыққа шыққан тұрғындарды ұстау мәселесін шешуді тапсырды. Бұл соңғы күндері болған оқиғаға қатысты. Қазіргі таңда осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгін кешке рұқсат етілмеген шараларға қатысқан мыңнан аса адам үйіне жіберілді. Ал кәмелетке толмағандар қолхатпен ата-аналарына жіберілді», — дейді Наталья Кочанова Telegram-дағы «Пул первого» каналында.
Еске салайық, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласқан еді.
[:]