АЛТЫНОРДА
Блог Дастана Ельдесова

[:kz]Лукашенко Путинді сыбап тастаған соң екі ел арасына сызат түсті [:]

[:kz]

imgpreviewАқпанның 3-інде Минскідегі «президентпен болған үлкен әңгімеде» Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресейдің ұстанып отырған саясатын әбден сынады деп хабарлайды oinet.kz.

Жеті сағат жиырма бір минутқа созылған баспасөз мәслихатында Ресей мен оның президенті Владимир Путинге бауырлас елдің басшысы тарапынан көп өкпе айтылды.

Либералдар клубының зерттеулер жөніндегі директоры Евгений Прейгерман BBC-ге берген түсініктемесінде былай дейді: «Мына жағдай бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда күрделі һәм жағымсыз. Бұрынғыларды да оңай болмаған, бірақ мынаның салдары ауыр болуы мүмкін. Екі тарап та біріне-бірі дес берер емес. Өз құнын көтеру – кез келген дипломатияға тән құбылыс. Лукашенко әрдайым кесіп-пішіп айтқанды, мәселенің «қысымын көтеріп» жеткізгенді жөн көреді. Кремль де қарап қалған жоқ, «кімді-кім асырап отырғанын» еске салды. Көрдіңіз бе, дау жария түрге ұласты.

Әзірге анау айтқандай қауіп көріп тұрғаным жоқ. Ресей мен Беларусьтегі кейбір қиялилар екі елге соғыс бұлтын төндіріп қойды. Егер жағдай соған қарай ойысса, бұдан екі тарап та оңбай ұтылады», — дейді Евгений Прейгерман.

Беларусьтің Либералды-демократиялық партиясының өкілі Олег Гайдукевич «Шындық Лукашенконың жағында» деп есептейді. «Текетірес қақтығысқа ұласпайды. Неге? Өйткені Лукашенко шындықты айтып отыр. Ол біздің Ресеймен арадағы байланыста ешқандай бақай есепке бармайтынымызды ескертті. Біз барлық міндеттемелерді орындап жүрміз. Ресей президенті мұны дұрыс түсінуі керек», — дейді Гайдукевич.

 

«Лукашенконың айтқанына Путиннің көне қоюы екіталай. Ол да «шындық мен жақта» деп есептейді. Егер Ресей президенті Беларусь басшысын тізеге салып жуатсам деп шешсе не болмақ? Онда бауырлас екі елдің арасын жалғап тұрған тұрған көпірді өрт шалуы мүмкін», — деп жазады басылым.

alashainasy.kz

 

[:]