[:kz]
Өйткені олар қазақтың салт-дәстүріне қарсы, тіпті Құран қалыптастырған діни терминдерді бұзды.
Қазақ бұрын «шариғат» дейтін еді бұлар «шарият» деді, Алланы – Аллах дейді, арабшаның өзінде Аллах емес екен.
Олар айтса керек еді: «Ұлттың тілін сақтаңдар, әдепті болыңдар, ата-ананы сыйлаңдар», – деп.
Бұларда ол жоқ, барлық насихат қазаққа қарсы:
«Келін ата-енеге иіліп сәлем салмауы керек, Аллаға ғана иілуі керек», – дейді.
Келін ата-енеге ғана емес, жасы үлкеннің бәріне иіліп сәлем береді.
Аруақ жоқ дейді, аруақ жоқ болса, қазақ та жоқ. Айта берсек, әңгіме көп.
Содан кейін мың жыл тұрған әулие ағашты өртеді, ол – табиғаттың өзгеше құбылысы. Германияда сондай бір ағаш бар екен, олар бұған тимеген, фотосын қиып алып сақтап қойдым.
«Бейіт салуға болмайды, ас беруге болмайды», – дейді. Бұл – қазаққа қарсы шыққан нәрсе, ал қазаққа қарсы шыққан нәрсе жойылуы керек, оған қарсы күресуіміз керек. Бұған жол беруге болмайды, кейінгі жастарды аздырып барады.
Мұсылман діні ешқашан жергілікті жердің салт-дәстүріне қарсы шықпаған, сол себепті де бейбіт түрде әлемді жаулаған.
Мұхтар Мағауин
«Абай жолы» парақшасынан
«Адырна» ұлттық порталы
[:]