[:kz]
Белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова Instagram әлеуметтік желісіне отты суреттерін салған сәтте барынша қорғанудың амалына көшеді. Бір қызығы ол саны көп хэйтерлерді емес, анасын бірден қара тізімге жібереді екен. Бұл туралы өнер иесі НТК арнасындағы «Ревю» бағдарламасына айтып берді.
«Мен өзімнің анамды кейде блокқа қойып қоямын. Өйткені, отты суретімді салсам, неше түрлі нәрселер жазылатынын білемін. Сондықтан, ол көрмей-ақ қойсын деп, оны блокқа тығып қоямын», дейді әнші жымиып.
Ал, өнердегі әпкелерін әбігерге салған мәселелерді соңынан ерген сіңлілері бірден шешіп те қойған. Әнші Алтынай Жолдыбаева жаныңды ауыртатын ауыр сөздер айтқан адамдарды телефон номері арқылы анықтап біліп, заңға беруге де болатынын айтып, абай болуға шақырды.
[:]