АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Майк Помпео: Америка Құрама Штаттары Грузия мен Украинаға Ресейді жеңуге көмектеседі.[:]

[:kz]

«Грузия мен Украина тікелей сыртқы араласудың арқасында жойылу қауіпі бар жас демократия», — бұл пікірді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео «АҚШ Мемлекеттік департаментінің сыртқы саясатының стратегиясы мен 2020 жылға арналған бюджеті» тақырыбындағы тыңдауларда айтты.

«Осы елдердің аумақтарының бір бөлігі Ресей заңсыз өз бақылауында ұстап тұр. Мынадай жағдайға қарамастан, бұл екі мемлекет демократияға адалдығын көрсетеді және Батыстың саясатын жүзеге асыратын адал серіктестері ретінде болып жатыр».

Кездесу барысында АҚШ-ның сыртқы саяси тактикасын қазіргі жағдайға ерекше назар аударылды, сондай-ақ Американың одақтастарына Ресейдің оларға ықпалын жеңу үшін көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Конгрессмендердің сұрақтарына жауап бергенде, Помпео Украинаға «қажетті материалдық көмек» берілді, енді грузин халқына көмек көрсетудің кезегі келді. «Қажетті материалдық көмек» әртараптандырылған және нәтижелі болады: материалдық қолдаудан бастап дипломатиялық құралдарға және әсер ету әдістеріне дейін. Егер қажет болса, АҚШ өлтірілетін/летальное қару-жарақ оларға береді.

Помпео өз сөздің соңында былай деді: «Біз украин халқына қорғаныс қару-жарақ жеткіздік, барлау жағынан көмек бердік. Сонымен, біздің одақтастарымызға көмек көрсету жөніндегі күш-жігеріміз айқын. АҚШ Ресейдің осы елдерде жағдайды тұрақсыздандыру ниеттеріне қарсы тұру үшін қажеттінің бәрін істей береді».

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.

Алтынорда

[:]