[:kz]
Мақпал Жүнісова ерлікпен қаза тапқан ағасын еске алды. Айтуына қарағанда, Болат есімді бауыры осыдан 36 жыл бұрын суға кеткен қызды құтқарамын деп өзі ажал құшқан, деп жазады Stan.kz.
Халық әртісі ағасына арнап «Жан бауырым» атты ән жаздырған. Күні кеше әнші ағасы жайлы естелігімен бөлісті.
«1983 жылы суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп, қайтыс болған менің Болат есімді ағамды қатты сағынамын, топырағың торқа болсын, кеше түсіме кірдің, бүгін жұмада Құран бағыштадым», — деп бөлісті Жүнісова желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары Мақпалдың қызы Мерейдің марқұм ағасына ұқсайтынын атап өтті.
[:]