АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мақтаралға көмек ретінде жіберген киімнің қалтасында біреудің 3100 доллары кетіп қалыпты[:]

[:kz]

«Артынан машинамен қуып барыпты. Күйеуінің әу бастағы реакциясын елестетіп көріңіздер…».

Белгілі блогер әрі экономист Дәулет Мұқаев Instagram парақшасына Түркістан облысының Мақтарал ауданында түсірілген видеоны жариялады. Онда бір топ адамның у-шу болып, киім салынған пакеттен ақша іздеп жатқанын көруге болады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мақтаралға көмекке деп бір әйел күйеуінің кимейтін киімдерін беріп жіберіпті. Күйеуінің жинап жүрген ақшасы бір курткада кеткен екен. Артынан машинамен қуып барыпты. Күйеуінің әу бастағы реакциясын елестетіп көріңіздер. Еще ақша теңге емес, доллармен» деп жазды Дәулет Мұқаев.

Ал видеода «Бұйырған нәрсе болса, қалады», «Асықпаңдар, асықпаңдар!», «Ішкі қалтасында ма?.. Қараңдар!» деген дауыстар естілуде.

Абырой болғанда, ақша тұтасымен орнында екен. Яғни, куртканың ішкі қалтасында белінен резеңкемен буып, ортасынан бір бүктей салған қалпында тұр.

Жұрттың «Санап алыңыз!» деп қолқалауымен ақшаның иесі 100 доллардың 31 данасын дауыстап санап шығып, түгел екеніне көз жеткізіп алды.

[:]