[:kz]
«Шөлмек мың күнде сынбайды, бір күнде сынады». Өткен жексенбіде болған митингілерге қатысты түсінік берген тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай осылай деді.
Иә, 28 ақпан демократтар үшін «шөлмек сынатын күн» болмағаны айдан анық. Мамайдың пікіріне құлақ түрсек, бұған дейін бейбіт митингілер жөніндегі заңдарға өзгерістер енгізілгенін, шетелдіктерге, тіпті халықаралық ұйымдардың үлкен мінберлерінен айтқызып жүрген Тоқаевтың бастамасы адыра қалды.
Оны бос сөз екендігін Мамай бастаған митингішіл топ дәлелдепті. Мамайдың айтуынша, сол күні полициейлер митингі өткізуге ешқандай мүмкіндік бермеген. Наразылық өтетін көшелерге оқу жаттығу өтіп жатыр деген сылтаумен ешкімді жібермеген. Арнаулы жасақ Мамайдың өзін қасындағы отыз шақты жақтасымен кеттлингке, дәлірегі құрсауға алған. — Олар бізді 11 сағат байы кеттлингте ұстап тұрды. Екі жылдың ішінде (Тоқаев басшылық жасаған. ред.) ешқандай алға ілгерлеушілік жоқ.
Кеттлинг әдісі нағыз оңбағандық болды. Ол бізге қарсы жасалған азаптау фактісі екендігі сөзсіз түсінікті — деді Мамай. Жалпы кеттлинг әдісін қазақстандық полиция былтырдан бастап қолдана бастады. Бұл әдіс батыстан келген.
Ол митингілер мен толқулар кезде өте қатты белсенділік көрсеткен топтарды жан-жақтан қоршап, құрсаулап, өзгелерден оқшаулау үшін қолданылады. Алайда кеттлинг әдісі Женево, Адам құқықтары жөніндегі конвенцияларға сәйкес келмейді. Сондықтан шынайы демократияға аяқ басуды мақсат етіп жатқан биліктің бұл қадамын құптауға болмайды. Мамай осыдан кейін шетелге қашып кеткен бейбақ банкир Мұхтар Әбілязовқа шүйлікті.
— Париждегі «Тазша бала» -Мұхтар Әбіләзов күн бойы бізге қарсы әртүрлі посттар жазды, Егер ол мықты болса, мына халықты алаңдарға шақырып, өзі неге сол күні Париждегі пәтерінде тығылып отырды. Мықты болса, Париждің көшесіне шықсын, өзінің қарсылығын елшіліктің алдында білдірсін. Ол үшін оны ешкім жазаламас еді. Ал оның үйінде тығылып отырудан басқа шаруасы жоқ. Оппозицияны меншіктеп, іштарлық қылады. Шетелде отырып Қазақстанның ішінде оппозицияшыл азаматтардың көре алмау сатқындық, — деген Мамай Әбілязовты басына қауіп төніп тұрса да шетелде қалмай, еліне келген, ақыр аяғында сотталып кеткен Навальныйдан үлгі алуға шақырды.
Мұхтар Әбілязов та, Жанболат Мамай да оппозиялық топтардың басында тұрған азаматтар. Екеуінің илегені бір терінің пұшпағы болғанымен, өзара тіл табыса алмады. Бұл «Екі қошқардың басы бір қазанда қайнамайтынын» білдіре ме?
«Рейтинг» газеті
[:]