[:kz]
Өскеменде мамыр айының ортасында қысқа мерзімді қар жауды.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыс орталығы мен ШҚО-ның басқа да елді мекендерінде күн суытты. 15 мамырда таңғы сағат 7:00-де Өскеменде ауа температурасы +2 градусты көрсеткен. Қысқа мерзімді қар жауып, артынша еріп кетті.
Сонымен қатар алдағы күндері облыс орталығында күн әлі де салқын болатынын хабарланады. 16-17 мамырда күн бұлттанып, күндіз ауа температурасы +10-13 градус, түнде -3-5 градус болады деп күтілуде.
Алдағы күндері республиканың барлық аумағында күн суытады деп болжанып отыр. 30 градустық ыстықтан кейін, күндізгі ауа температурасы +17-22 градусқа дейін төмендейді. Ал солтүстік өңірдің шеткі аумақтарында +8-13 градусқа дейін салқындайды.
[:]