[:ru]
Алматыдағы Достық үйінің дөңгелек залында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Алматы қалалық әкімшілік және «Қоғамдық келісім» РММ Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды күні аясында «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» атты Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ақын, ғалым, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің мерейтойына арналған кездесуді ұйымдастырды. Осы іс-шара барысында «Олжас и я» және «Осенённый выдохом вечности» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында ұйымдастырылған «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» шарасына Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ақын, ғалым, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, «Олжас и я» атты кітабының авторы тележурналист, саясаттанушы, қоғам қайраткері Ермек Алданов, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы мен мүшелері, шығармашылық және ғылым ордаларынан келген зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Олжас Сүлейменовтың әріптестері, достары, Алматы қаласының тұрғындары, студент жастар қатысты.
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы отандастардың бірегей тарихи мақсаты. Қазақ елінің бірлігін қалыптастыру ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтардың сабақтасуы барысында жүзеге асады. Келер ұрпақтың бойына өзіміздің бай рухани мұрамызды, қазақи құндылықтарды сіңіру үшін, мемлекет басшысы жариялаған «Мәңгілік ел» идеясында көзделген әдебиетіміз бен мәдениетімізді, дініміз бен тілімізді өркендетуіміз керек. Бұл идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен биік асу. «Мәңгілік ел» ұғымын жастарға тереңдетіп түсіндіру бүгінгі күннің маңызды жұмысы болып табылады. Көрнекті ақын-жазушыларымыз қазір осы бағытта үлкен нәтижелі еңбектерді атқарып жатыр.
Жақында Шығыс Қазақстан облысында өткен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қолдау жөніндегі мега-акцияда сөйлеген сөзінде еліміздің көрнекті қоғамдық-саяси қайраткер Олжас Сүлейменов біздің көпұлтты, ұлы Отанымыз – Қазақстанның барлық халықтарын біріктіретін осындай қуатты идея мен идеологияның пайда болғанына өте қуанышты екенін айтқан еді.
Олжас Омарұлының жан-жақты да жарқын тұлғасы — баға жетпес қазына. Ақынның «Земля, поклонись человеку» поэмасы жарық көргенде қазақ даласын орысша жырлаған нағыз жұлдыздың пайда болғаны бірден анық болды. Осы поэманың арқасында ақын да, еліміз де бүкіл әлемге әйгілі болды.
Биыл ақиық ақынның 80 жылдық мерейтойы. Әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтаулар келіп, түсіп жатқан кезде мерейтой иесінің құрметіне жазылған «Олжас и я» атты кітап жарық көрді. арналған «Олжас и я» атты кітап жарық көрді. Бұл шығармашылық жоба «Мәдениет» халықаралық қорының кеңесшісі Ермек Алдановтың бастамасымен жүзеге асырылды. Аталған шығармалар жинағына Олжас Омарұлын жақын таныйтын, жақсы білетін ақын-жазушылар және оқырмандарды «өз Олжасымен» таныстыруды ниет еткен белгілі тұлғалардың очерктері, эсселері, 100-ден астам авторлардың әңгімелері кірді.
– Бұл кітап неғұрлым көп адамдардың қолына тиетін болса соғұрлым қуанамын. Қазақстан халқы ассамблеясына алғысымды айтамын, — деді белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов.
Темирлан АЛМАС
[:]