[:ru]
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1991жылы алғаш президенттікке сайланды. Сол жылдың 10 желтоқсанында Алматыдағы Рсепублика сарайының алдында Тұңғыш Президентті ұлықтау рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі кезінде Алматыда Тұңғыш Президентті ұлықтау өткен күнді мәңгілік есте қалдыратын ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуы болды. Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, 1991 жылы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды штабының жетекшісі болған Мырзатай Жолдасбеков, қаланың зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, құрметті азаматтары, қала тұрғындары мен қала жастары қатысты.
Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында 1991 жылы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды штабының жетекшісі болған Мырзатай Жолдасбеков жиналған жұрттың алдында сөз сөйлеп, дәл осы Республика сарайында 1991 жылдың 10 желтоқсан күні Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі өткенін айтты.
«Біздің ата-бабаларымыз тәуелсіз ел болуыды ғасырлар бойы армандаған. Қазір біз оның 25-жылдығын атап өткелі жатырмыз», — деп атап өтті Мырзатай Жолдасбеков. Сондай-ақ ол Алматының аты аңызға айналған қасиетті қала екендігін, бұл әсем қалада өздерінің бал дәуренді жастық шақтарының өткенін тебіреніп жеткізді. «Алматы – бұл біздің «бал дәуреніміз», біздің жалындаған студенттік жастық шағымызға куә, тамаша, аты аңызға айналған қасиетті қаласы. Мұндай Алматы сияқты қала әлемде жоқ. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын!», — деді Мырзатай Жолдасбеков Тұңғыш Президентті ұлықтау өткен күнді мәңгілік есте қалдыратын ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында.
Тұңғыш Президентті ұлықтау өткен күннен бері ширек ғасыр уақыт өтіпті. Бұл «Мәңгілік ел» идеясын ұстанған жас мемлекет үшін тұтатсай тарихи кезең болып табылады. Бүгінде Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы қазіргі кезде ұлттық идеологияға, елді біріктіруші күшке айналды. «Мәңгілік ел ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол -мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздіңтірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ -мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел»» деген еді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық идея жайында.
Елбасы айтпақшы, Қазақ халқы бүгінде өзінің тарихи негізін, ұлттық құндылықтарын өзгелерге танытып, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеп, рухы жоғары, зайырлы қоғамды құрды. ХХІ ғасырдағы тәуелсіздік ежелден келе жатқан ұлттық идея мен ұлттық идеологияның маңызын арттыра түсті, ұлттық рухымызды асқақтатты. Мәңгілік ел болу үшін ұлттың рухын асқақтарып, тілін, дінін, тарихын, әдебиеті мен мәдениетін яғни ұлттық құндылықтарын жете зерттеп, насихаттау міндеті тұр. Өйткені, қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – әдебиеті мен мәдениеті, рухы мен тілі.
Темірлан АЛМАС
Алтынорда
[:]