АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Маңғыстау облысында кішкентай балалар трассада трактор айдаған(ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

 

 

Қазақстандағы трассалардың бірінде жол полициясының қызметкері жүк тиегіш көлікті айдап келе жатқан сегіз және тоғыз жастағы екі баланы тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда балалардың ауыр арнайы техника кабинасында болғаны көрініп тұр. Патрульшінің рульге отыруға кім рұқсат берді деген сұрағына балалар: «Берік» деп жауап берді. Осыдан кейін полиция қызметкері көліктің кілтін алып қояды.

 

Бейнеролик Маңғыстау облысында түсірілгені белгілі болды. Бұл туралы құқық қорғау органдары хабарлады.

«2021 жылдың 26 қаңтарында әлеуметтік желілерді бақылау кезінде YouTube парақшасында видео табылды. Аталған факті бойынша рота қызметкерлерімен 2020 жылдың қазан айында Жаңаөзен қаласының патрульдік полициясы кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы, 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызметкерлер ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы «кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» және 128-бабы — «кәмелетке толмағанды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту» бойынша әкімшілік хаттама жазды.

Іс материалдары Жаңаөзен қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөліміне берілді», — делінген полиция хабарламасында.

[:]