АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Маңғыстауда арқар атқан полицейлер жұмыстан қуылды[:]

[:kz]

 

Қызылсай табиғи паркі аумағында арқар атып алған қарулы төрт адам ұсталды.

Маңғыстауда арқар атқан браконьер – полицейлер жұмыстан қуылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев мәлім етті.

«26 сәуірде әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында браконьерлердің ізіне түсіп қуған туралы бейнеролик тараған болатын. Олардың арасында ішкі істер органдарынан екі полиция қызметкері болды. Біздің қатарымызда мұндай қызметкерлерге орын жоқ. Бұл оқиғадан кейін екі қызметкер де орнынан босатылды. Браконьерліктің бірде-бір фактісі жазасыз қалмайтынын, ал қылмыскер қарапайым адам немесе құқық қорғау органдарының қызметкері болуына қарамастан жазаланатынын мәлімдегім келеді. Заң — баршаға ортақ», — деп жазды Жанарбек Бақтыбаев.

23 сәуірде Маңғыстау облысының табиғат қорғау инспекторлары Қызылсай табиғи паркі аумағында арқар атып алған қарулы төрт адамды ұстады.

Инспекторлар қашуға талпынған Toyota Hilux көлігін ұстап, төрт адам отырған көліктен оқ-дәрілер мен аңшы мылтықтары және ұсталған жерден алыс емес тұста арқардың ұшасы табылған. Ұсталғандардың екеуі Маңғыстау облысының учаскелік полиция қызметкері болып шықты.

 

[:]