[:kz]
Маңғыстау облысында кішкентай тұрғын ойнап жүріп, саусағына киген болтты қайта шығара алмай қалған. Балақайдың қолында кептеліп қалған болтты дәрігерлер арнайы құрылғымен кесіп алуға мәжбүр болған. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев өзінің Facebook парақшасындажазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бір сағат көлемінде дәрігерлер ТЖ қызметкерлерімен бірлесе аталмыш затты баланың саусағынан шығаруға барын салған. «Операцияның қиындығы сол темір болтты аралау кезінде ол қыза бастады. Сөйтіп балақайға ауыртпалығын тигізді. Сондықтан дәрігерлерге наркоз қолдануға тура келді. Қуанышымызға орай болтты алынып, бәрі сәтті аяқталды. Қазіргі таңда бала өзін жақсы сезінеді. Ем қабылдап жатыр», — деп хабардар етті Сәрсенбаев.
Балақайдың ата-анасы, үйінде жөндеу жұмыстары кезінде ағасымен ойнап жүрген бала ортаңғы қолына болтты киіп, ақырында оны өздігінен шығара алмай қалғанын айтады.
Ақырында олар ақ халаттылардың көмегіне жүгінуге тура келген.
[:]