[:kz]
Маңғыстау облысында сәбиге аяусыз массаж жасаған әйелдің видеосы қызу талқыға түсті. Бейнеу кентінің полициясы әйелдің бұл қылығына байланысты тексеру жүргізуде, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі “Лада” басылымына сілтеп.
Жарияланған кадрларда медициналық халатсыз және маскасыз әйел балаға массаж жасайды. Массаж жасау кезінде нәресте қатты жылайды. Әйел бар күшімен баланың ішін басып, ауыр салмақ салып аяқ-қолын жан-жаққа тартады. Сонымен қатар массаж жасаушы сәбидің мойнынан ұстап, шайқайды.
Желіде тез тарап кеткен бейнероликке Маңғыстау облысының полиция департаменті назар аударған.
«Видеодағы әйел жұмыс істейтін сұлулық салонына Бейнеу полициясының бастығы келді. Массажист, сондай-ақ баланың ата-анасы шақырылды. Полицияға арыз түспегені белгілі. Алайда әлеуметтік желілерді бақылау кезінде факт тіркеліп, істің барлық мән-жайларын анықтау үшін тексеру жүргізілуде», – деп түсіндірді полиция.
[:]