АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Маңғыстауға шөп жеткенін көріп, егіліп жылаған ананың видеосы желіде тарап кетті [:]

[:kz]

Желіде қуаңшылық болып, мал жаппай қырылып жатқан Маңғыстау өңірінен видео тарады. Видеода егде жастағы қарт әжей Маңғыстауға шөп жеткенін көріп, көз жасын тыя алмаған. Аталған бейнежазба отандық пабликтерде таралып, кеңінен талқыланып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ. Маңғыстаулық әжейдің видеосы әлеуметтік желіде таралып кетті. Бейнежазбада әжей шөпті қуаңшылықтан зардап шегіп жатқан елдің батыс өңіріне жеткізуге мұрындық болған Құрмет Талапқазыға алғысын жаудырған. Қатты толқыған кісі, тіпті, көз жасын тыя алмағаны да видеоға түсіп қалған. «Рахмет жарықтарым. Мына Шымкенттегі Құрмет бауырыма рахмет. Сөйлей алар емеспін. Осындай күйге түсіп қалдық. Алла риза болсын, дені сау болсын, отбасында бақытты болсын. Құрмет, бауырым, рахмет!», — деді ана.

Еске салсақ, шілденің басында шымкенттік 25 жастағы жігіт қазақстандықтарды қуаңшылықтан зардап шегіп отырған батыс аймақтағы шаруаларға көмектесуге шақырған болатын. Елді асарға шығуға үгіттеген Құрмет Талапқазы Facebook желісінде видеоүндеу жолдап, елдегі ахуалға бей-жай қарамайтын барлық азаматты асарға шақырған. Айналасы бір аптада жанына 30 шақты азаматты топтастырып, 1 млн теңге жинап үлгергенін жігітке күн сайын қолдау көрсеткендердің саны арта түсіп, қазірде еріктілер Маңғыстауға бірнеше вагон шөп жіберген. Қазіргі таңда Құрметтің бастамасы арқылы Маңғыстауға бас-аяғы оннан астам вагон шөп жеткізілді. Маңғыстау облысының әр ауданында шөптің халыққа дұрыс үлестірілуі үшін арнайы жауапты кісілер тағайындалған. 

kaz.nur.kz

 

[:]