[:kz]
«100% антисанитария. Бұндайға жол бермеу керек. Адам мал емес қой, далада, қорада ем жасайтын. Қолына обработка жасаған жоқ. Бұны ұзаққа апармай, тоқтату керек».
Желіге Төртуыл Шоқан деген аты-жөнмен тіркелген азамат facebook парақшасына бір жер үйдің ауласында адамды шелекке отырғызып қойып, хиджама жасап жатқан сақалдының видеосын жариялады. Оның бастан қан алудағы іс-әрекетін көрген жұрт жағасын ұстады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сақалды емші пациентінің мойнынан сүлгіні орай қылқындырып, маңдайдан білеулене шыққан тамырларды қандауыр ұшымен соққылап тесіп жібереді. Сұйық қан сыздықтай атқылаған бұл жайтты желі қолданушылар қате тәсіл деп отыр.
«Осы хиджама адамға зияны көп, пайдасы жоқ іс-әрекет. Мұндай іске заңмен тыйым салу керек! Қанша грамм қан аққанын білмейтін мынандай мақұлықтар ісі – адам өліміне, болмаса, адамның кемтар болып қалуына апарар тура жол. Қан шыққанда адам денесінде пайда болатын аз уақыттық «ләззәтты» ауырудан айығу деу – таза надандық.
Есесіне, үнемі қан шығарып тұруға үйренген қан донорлары ағзасындағыдай тәуелділік (зависимость) пайда болады. Қан тамырындағы тромбтар қозғалып, соңы инфаркт/инсультқа апару ықтималдығы 80%-ға жуықтайды. Заңды медицинаның өзі дәлелдегендей, 3-4 рет қан доноры болған адам ағзасында, яғни қан құрамы, гемоглобин мөлшері ауытқулары, ми, жүрек жұмыстарында өзгеріс болады.
Заңды медицина қан құрамын тексеру арқылы денеңдегі ауруыңды айтады. Қаның таза болса, донор бол. Біреуге көмегің тисін. Қанды құр огородқа ағызған мына екі-үш долбаёб-надандарға «қаным қарайып» отыр», — дейді жазба авторы.
Ал оны құптай жөнелген оқырмандарының пікірлер легі мынадай:
Абай Ескендіров: «МедАкадемияны бітірген адамға түрін еш келтіре алмай отырмын. Наверно қатты МАС болып көруім керек-ау мына видеоны?».
Қаракөз Бекбаева: «Приглашаем деп қояды. Құрып кетсін. Кірқожалақ темірмен басын шұқып».
Ақбілек Сүгірова: «100% антисанитария. Бұндайға жол бермеу керек. Адам мал емес қой, далада, қорада ем жасайтын. Қолына обработка жасаған жоқ. Бұны ұзаққа апармай, тоқтату керек».
Сандуғаш Шаденова: «Иншалла деп қойып, осы сақалдылардың жасамайтындары жоқ екен».
Бақытжан Қадырақынов: «Мына сақалды «хиджамщик» қан алғыштан гөрі қасапшыға ұқсайды екен».
Әсет Ақмолда: «1-2 жыл бұрын «Астана» каналында хиджамадан кейін денсаулығынан айырылып қалған адамдар жайлы хабар болған».
Есет Қалманов: «Маньяк қой мынау».
Бұл ретте ақылға қонымды уәжді Ғазиз Оспанов атты азамат жақсы жеткізе білді.
«Мынанікі хижама емес. Дұрыс жасаған жоқ. Бірінші сұйық қан ағып кетті. Хижама жасағанда бірінші қара қошқыл, қою қан ағады. Көп емес. Яғни «арам қан». Артынша қызыл, сұйық қан аға бастайды. Сол кезде молда бармағымен тамырды басып кеп қалады. Аққан қан лезде тыйылады. Хижаманы қалай жасайтынын бала кезімде көрдім. Басы ауыратын адамдар жасататын. Одан кейін қан қысымы көтерілмейтін. Қазір хижама жасайтын терең молдалар жоқ», — дейді ол.
[:]