АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Марафонда «әділ сайлауды» талап еткен қыздың соттағы сөзі[:]

[:kz]

21-сәуірдің кешінде Алматы қаласында белсенді азаматтар – Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековтің соты болды.

Екі азаматқа марафон кезінде «Шындықтан қаша алмайсың» («От правды не убежишь»), #AdilSailayUshin («За честные выборы») деген жазулары бар плакаттарды көтеріп, назар аудартқаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық деп есептеліп, 448-баптың 3-тармағымен айыпталды. Сот шешімі екі азаматқа да 15 тәулік қамау жазасын тағайындады.

Сот залында Әсия Төлесова өздерінің әрекеттерін түсіндіру мақсатында күллі қауым алдында сөз сөйледі. Өзінің сотқа, экологияға, спортқа, демократиялық құндылықтарға, Денис Тенге деген көзқарасын ақтарыла айтты.

Әрі қарай қазы мен айыпталушы қыздың әңгімесін диалог ретінде өрбітейік.

Орыны: Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соты

Әсия Төлесова: 9-маусымды бізде кезектен тыс сайлау күні деп жариялады. Біз енді әділ сайлау өткізіп, ел сүйетін үміткерді таңдай аламыз. Бұл – әрбір қазақстандықтың өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі.

Бірақ қазірдің өзінде жеке азаматтар өздерінің үміткерлігін ұсына алмайды. Біздің флэшмоб дәл осы мәселеге бағытталған. Біздің қалауымыз – ешқандай жүйеге бағынбайтын тәуелсіз сайлау өткізу.

Менің ойымша, қазір болып жатқан нәрсенің бәрі  қылмыс. Мемлекеттің азамат ретінде менің алдымдағы қылмысы. Бұл сөзді бізге еркіндік беретін, сөз бостандығын беретін Ата заңымызға сүйене отырып айттым.

М. Абраев (қазы): Мақсаттарыңыз қандай?

Әсия Төлесова: Мақсат – азаматтарды әділ сайлау өткізуді талап ету үшін басын біріктіру. Кез-келген сайлауда. ҚР президентін сайлауда, сот қазыларын, әкімдерді сайлауда да осыны ескеру керек. Біз, заң бойынша мемлекеттік биліктің халықпен санасқанын қалаймыз.

Прокурор: Сіз осы уақытқа дейін баннер марафонға қатысты дедіңіз. Қазіргі сөздеріңізге сенсек, оның саясатқа да қатысы болды ғой?

Әсия Төлесова: Әрине. Менің ойымша, бұл – жан-жақты әрі ащы шындықты бейнелейтін баннер. Адамдар шындықтан қашады. Тіпті, біздің қасымызға жанасқысы келгендер де ақыр аяғында марафонға қатысқан болып шыға келді. Шындықты айта бастасақ, біз Қазақстанның бірқатар дерттерін ұмыт қалдырамыз. Мысалы, құқық қорғау органдарындағы жемқорлық, соттағы жемқорлық, тіпті, Алматының ауасын жақсартудағы жемқорлық. Айта берсек, таусылмайды.

Прокурор: Баннердің спортқа да, марафонға да қатысы жоқ дегенге келісесіз бе?

Әсия Төлесова: Баннердің спортқа қатысы бар, әрине. Мына нәрсені айтқымыз келді: жүгіре білген жақсы, ал спорт пен азаматтық позицияны тең ұстау – тамаша.

Прокурор: Жақсы. Ал баннердегі мәтіннің мағынасы қандай?

Әсия Төлесова: «Менде таңдау бар» деген менде таңдау бар деген сөз. Адамдар өздерінің таңдауы бар екенін, біз жұмыс жасайтын демократиялық институттарды орнатуымыз керек екенін түсінуі шарт. Бізге халыққа бағынатын, халықтың тұрмыс-тіршілігіне алаңдайтын президент керек.

Міне, осындай қарапайым талаптар. Менің ойымша, сіздер де бұл талаптарды қолдайсыздар деген ойдамын. Сіздер Үсеновтің екінші рет сіздің балаңызды немесе қызыңызды қан-жоса еткеніне қарсысыздар ғой?! Түсінесіздер ме?! Міне, осындай қарапайым талаптар. Біз жемқорлыққа, студенттерді күштеп дауыс бергізуге қарсымыз.

 

Прокурор: Тақырыптан ауытқымайық. Оқиға бойынша сөйлесеңіз.

Әсия Төлесова: Бұлардың бәрі оқиға бойынша. Барлығы бір баннерге сыйып кеткен. Түсінесіз бе?

Біз студенттерді бұйықпен дауыс беруден арылуға, қазыларды кінәлі адамдарды ғана жазалауға, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін саяси белсенділерді аңдымауға, халықты қорғауға үйреткіміз келеді. Өмір сүргісі келетін, үй салғысы келетін адамдар бар. Бейбарыс екеуміздің бастамамыз осыларды көрсеткісі келді.

Прокурор мырза, сот мырза, хатшылар, менің ойымша, сіздердің барлығыңыз осыны қалайсыздар. Оның ішінде мен де бармын. Осы жердегі азаматтардың барлығы соны қалайды. Бізде қазір қиын әрі өтпелі кезең екенін түсінемін. Бірақ біз ойымызды қазір ашық айтып үйренбесек, кейін кеш болады. Құлдыраған күйі елді жоғалтамыз, әйтпесе…

Бұл – кішкентай ғана баннер. Бұл — жан айқайы. Біз қатарларымызға өзіміздің үлкен мүмкіндігіміз бар екенін, жаңашылдыққа үйрену керектігін жеткізгіміз келді. Студенттер өздерін дамытсын! Олар өз ойларын ашық айта алсын! Оларға бостандық берілсін! Сіздер балаларыңыздың айнасын біреу ұрлап, оны қуған кезде пышақталып қалады деп қорықпаңыздар!

Сіздер де осындай мемлекетті қалайсыздар ғой?! Бірақ қазірбіз тек түсімізде көретін институттарды дамытпасақ, бәрі бос сөз. Шешім қабылдау керек. Сіздер өздеріңіздің ақылдарыңыз бен жан дүниелеріңізге дақ түсірген институттардан шығып, үйге келгенде әке ретінде, ана ретінде балаларыңызға мен айтқан Қазақстанды тілейсіздер ғой. Бірақ шешім қабылданбайтыны өкінішті…

Қазы: Әсия Тасболатқызы, оқиға бойынша сөйлесеңіз

Әсия Төлесова: Оқиғадан ауытқыған жоқпын. Баннер бәрін қамтиды деген қиындау естіледі. Бірақ Бейбарыс екеуміз шыққан уақытта осы ой екеумізде де болды. мен түсінбеймін, біздің елде 20 жасар жігітке де ауыз аштырмайды. Ол (Бейбарыс) әскерге барды, әскерден қашқан жоқ. Әскерден келген бетте «Әділ сайлау өткізейік» дегені үшін 15 тәулікке қамалды.

Қазы: Баннер саяси көзқара ұстанады ма?

Әсия Төлесова: Саяси көзқарастан да алшақ емес.

Қазы: Бұл пикет пе? Бейбіт пикет пе?

Әсия Төлесова: «Пикет» деген не? Маған түсіндіріп өтіңізші. Меніңше, флэшмоб шығар.

Қазы: Саяси мәселелерді көтеретін бейбіт шеру. Солай ма?

Әсия Төлесова: Әрине. Бірақ… бірақ мынаған назар аударыңыз: мен «алматылықтарға таза ауа керек» десем де, бұл – саяси мәселе. Біздің бар өміріміз саясат, түсінесіз бе?!

Әсия Төлесова сөз соңында сот қазысына: «Мен Бейбарыс бостандыққа шыққанша оның жанында отыруды қалаймын», — деп емеурін білдірді.

«Қамшы» сілтейді

[:]