АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Марат Омаров Қайрат Нұртасқа реніші барын айтты[:]

[:kz]

Қазақстандық композитор, әнші Марат Омаров Қайрат Нұртасқа ренішін жеткізді. Қайрат пен Димаштың өнеріне өз бағасын берді. 

Бұл туралы әнші Алматы арнасына берген сұхбатында айтты. 

 

Композитордың айтуынша, Димаш пен Қайраттың өнері де, жанры да екі түрлі. 

«Димаш 7 диапазонда ән айтатын адам. Ол салыстыруға келмейді. Димашты тума талант деп атау керек. Ал Қайраттың өз жанры бар. Оның бағыты басқа. Ол да әнші. Салыстыруға болмайды, — деді Омаров.

Сазгердің Қайратқа реніші бары белгілі болды.

«Қайрат басқа әншілер секілді емес әннің сөзін, әнін жарияламайды. Мәселен, оның орындауындағы «Мен ғашықпын» әні менікі. Ол әннің атауын ғана жариялайды. Кей әншілер әннің сөзін кім жазғанын, әнін кім жазғанын айтып жатады. Ал Қайрат олай етпейді. Тек атауын ғана айтады», — деді сазгер. 

Бұған дейін танымал сазгер Бауыржан Есебаев Қайрат уәдесін орындамай кетті деп ренішін білдірген еді. Оған Қайрат өз жауабын берді.

Марат Омаров осы ретте Димашқа өз ұсынысын айта кетті. 

«Димаштың керемет даусымен азан үнін естігім келеді. Азан айтса керемет болар еді», — деді ол.  

 

[:]