АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] Кісі өлтірген келіншек кезінде Марат Омаровпен арақатынаста болғанын жайып салды[:]

[:kz]

Атақты әншімен жалдамалы пәтерге бірге барып, көңіл көтерген. Тіпті «Марат Омаровпен төсектес болдым» деген. Тергеу кезінде екеуінің бірге қандай мекен-жайдағы пәтерге барып, не ішкеніне дейін айтып берген болатын. Ал әнші Марат Омаров болса, бұл келіншекті танымайтынын айтып азар да безер болды.

Жалдамалы пәтерде адам өлтірді деп айыпталған келіншек сот залынан қамауға алынды. Іс Әл-Фараби аудандық сотында бірнеше ай бойы қаралды. Ақыры кінәсі дәлелденіп, сотты болды. Қызығы, сотталушы сот процесі барысында іске композитор, әнші Марат Омаровтың да қатысы барын айтқан болатын, деп хабарлайды Otyrar.kz.ге сілтеме жасаған  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Күдіктінің сөзінше, атақты әншімен жалдамалы пәтерге бірге барып, көңіл көтерген. Тіпті, «Марат Омаровпен төсектес болдым» деген. Тергеу кезінде екеуінің бірге қандай мекен-жайдағы пәтерге барып, не ішкеніне дейін айтып берген болатын. Ал әнші Марат Омаров болса, бұл келіншекті танымайтынын айтып азар да безер болды.

Марат Омаров, әнші:

«Мүлде білмеймін. Мұндай кісінің аты-жөнін алғаш рет естіп тұрмын. Мүлде танымаймын. Мүмкін жай менімен суретке түскендердің бірі шығар».

Өзінің тергеу кезінде айтқан сөзін келіншек соңғы сот отырысында жоққа шығарды. Айтылған сөздің бәрі жай қиялдан туғанын алға тартты.

«Мен өткен жолы да сізге жауап бердім ғой. Ол менің қиялым ғана болған. Марат Омаровты танымаймын» деп танып шықты.

Айта кетейік, қаралы оқиға 26 маусымда болған еді. Екі келіншек тәулікке жалға берілетін пәтерде танысқан. Алғашында көңілді басталған отырыс соңында ащы судан ұрттап алған қос келіншек сол жерде кімнің түнеп қалатынына таласып қалады. Оның соңы адам өлімімен аяқталды. Сот абайсызда адам өлтіріп алған үш баланың анасын екі жылға бас бостандығынан айырды.

Талғат Қаһаров, Шымкент қаласы Әл Фараби аудандық сотының судьясы:

«Сот екі жыл бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады. Күдікті жауапқа тартылып отырған заңның бабы 4 жыл бас бостандығынан айыруды көздейді. Алайда, қылмыстың аса ауыр түріне жатпайтындығын ескеріп, оған қоса абайсызда жасалғандықтан екі жыл бердік. Кәмелетке толмаған үш баласы бар екендігі, бұрын сотты болмағандығы және кінәсін толық мойындағаны жағдайды жеңілдетті».

Сотталушы келіншектің кәмелетке толмаған үш баласы әкелерінің қарауында қалды.

[:]