АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Марқұм Ая Мантайдың анасы: Сотқа береміз бе, бермейміз бе, кімді кінәлаймыз, өзіміз шешеміз[:]

[:kz]

Жақын күндері өмірден озған жас жазушы Аягүл Мантайдың құрбысы марқұмның анасының өтінішін көпке жеткізді. Қара жамылған отбасы әруақтың артынан артық әңгіме айтпауды сұрайды. 

Жазушының құрбысы Бану Оңдасынова желіде жазба жариялады. Желіде шу шығарғандарды сабырға шақырып, артық сөз жазбауды сұрайды.

 

“Аягүл туралы ойымды жазсам, тауыса алмаймын… Алдымен, ең жақын араласқан құрбысы ретінде бір ауыз сөз жазуға мәжбүрмін.

Аягүл өмірден өтті. Кеше жер қойнына тапсырылды. Аяштың нәзік жаны мынау қатал өмірдің соққысын көтере алмай үзіліп кетті. Тас түскен жеріне ауыр – кешелі бері артында қалған анасы, туған әпкесі мен сіңлісінің жаны азапта. Бар салмақ осы кісілерге түсіп жатыр. Бірақ Аягүл жай күнелткен адамның бірі емес, қолына қалам ұстаған жазушы. Әңгімелерімен, фейсбукта әдемі жазбаларымен көптің жүрегіне жол тапқан талантты қаламгер. Сондықтан халықтың күңіреніп жоқтап жатқаны түсінікті.

Сүйікті жазушысынан айырылып шын қиналып отырғандар бар. Солардың арасында өсек іздеп, кінәліні іздеп қамқоршының рөлін шебер сомдап жатқандар бар. Тани тұра, біле тұра 1 жылда 1 рет те телефон шалмаған достарының дауысы жер жарып жатыр.

Қоғам белсенділері, заңгер, құқық қорғаушылар “Аягүлді өзіне қол жұмсауға жеткізген кім?!» деп шулата бастады”, – деп жазды ол. 

Бану Оңдасынова марқұм Ая Мантай анасының өтінішін жария етті. 

“Аягүлдің жетпіске таяған анасы қасымда отыр, бәріңізге үлкен өтініш айтуда: «Қызымның әруағына тыныштық беріңдер! Дау, ұрыс шығармаңдар. Сотқа береміз бе, бермейміз бе, кімді кінәлаймыз, өзіміз шешеміз. Біз ешбір заңгердің көмегіне жүгінген жоқпыз. Ешкім арыз жазған жоқ. Кеңес беріп, пост жазбай, қазірше тыныштық беріңіздер. Аягүлдің анасының өтінішін орындап, Аягүлдің өмірін, істің мән-жайын білмейтін ақылгөйлер, артық сөз жазбаңыздар”, – деп жазды құрбысы желіде. 

Еске салсақ, жас жазушыАягүл Мантай белгісіз жағдайда көз жұмды. Оның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. 

Аягүл Мантай – Ресей халықтар достығы университетінде оқыды. 2009 жылы «Жалын» баспасынан «Жаңбырлы көктем» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. «Жүрекке оралу» кітабының авторы. «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты. 2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша президент стипендиясының иегері атанды.

https://stan.kz/

[:]