[:kz]
«Артымнан кірді. Болатын нәрсенің бәрі болды».
Тараздық 19 жастағы келіншек қайны інісінен жүкті боп қалғанын айтып, көптен көмек сұрады. Бұл туралы ол İnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«5 ай бұрын тұрмысқа шықтым. Таразданмын. Күйеуім 2 айдан кейін түрмеге түсті. 1 жылға қамалды.
Бір күні тойдан мас боп үйге келдім. Қайны інім алдымнан шықты. Күйеуімді көрмегеніме 3 ай болған. Жеңеше, шәй ішейік деді. Үйде ешкім жоқ еді. Шәй құя бастап едім, «сені ішкім келеді, шәй емес» деді. Сосын мойнымнан иіскеп, мені сүйе бастады. Бөлмеме кетіп қалдым. Артымнан кірді. Болатын нәрсенің бәрі болды.
Өткенде тест алып көрсем, жүкті екенмін. Не істерімді білмеймін енді», — деп жазды келіншек.
sn.kz
[:]