[:kz]
Қаңтарда Кәрім Мәсімов оны өлтіруге келгенде, қасында оқ қағарлары қорғап қалған. Президент тазалығының арқасында ғана билікте қалды. Бірақ әзірге ол ескі жүйенің бөрілерімен жалғыз күресуге мәжбүр. «Сұрауы бар» YouTube арнасының кезекті қонағы болған қоғам қайраткері Серік Әбдірахманов осындай пікірде деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айтуынша, ескі Қазақстанның өкілдерінен Қасым-Жомарт Тоқаевқа төнген қауіп әлі сейілген жоқ.
«
Қазір билікте Қасым-Жомарт Тоқаев жалғыз. Тоқаевтың ең басты құндылығы, біз үшін — ұры еместігі. Таза адам. Тазалығын көрсетті. Қаңтарда Кәрім Мәсімов оны өлтіруге келгенде, қасында оқ қағарлары бар Сағымбаев (Ермек Сағымбаев Ред.) деген, қазіргі Қауіпсіздік комитетінің төрағасы тойтарыс жасап, Мәсімовты қамауға алған. Сақтап қалды, ОДКБ-ның көмегімен әйтеуір қалды. Мұнда Қасым-Жомарт Тоқаев тазалығымен қалды», — дейді Серік Әбдірахманов.
Қазір қаңтар оқиғасынан кейін сыртқа қашып үлгергендер шетінен елге оралып жатқанын да айтып отыр.
«5 қаңтардан кейін қашқандар санаулы адамдар. Негізгі ұрылардың жанұясы баяғыдан Швейцарияда тұрады. Женеваның маңайында «Храпуновка» деген ауыл бар. Қазір солар шетінен қайтып жатыр. Себебі Назарбаевтың құрған ұры жүйесі өзін сақтай алды. Назарбаевсыз-ақ ары қарай жылжып бара жатыр. Талай азамат осы ұрланған ақшаны айналдырып, есебін тауып, қазір «адал кәсіпкер» болып, қалай баюға болады деп өзінің шетелден үйренгендірімен сабақ оқып, көрініп жүр. Жалпы бізде адал еңбекпен табыс тапқан кәсіпкерлер өте аз», — дейді ол.
Қоғам қайраткері Ата заңға енгізетін өзгерістерді Мәжілістің бірден қабылдамай, демалысқа шығып кетуі де жөн емес деп есептейді. Себебі бұл биліктен шектетілгендердің қайта күш алуына мүмкіндік бермек.
«Қазір сол ұрылардың мүмкіндігі өте биік. Таза адамдардың билікке кіруі қиын. Ұрыларды билікке жібермес үшін, Тоқаев келесі сайлауға емес, мына Мәжілістің сайлауына қолын жеткізуі керек. Халық сайлаған артында Мәжіліс тұрса, сонда ұрылар именеді. Ал қазір жасанды, қуыршақ Мәжіліс отыр. Бұлар Тоқаевқа қиянат жасауы мүмкін», — дейді қоғам қайраткері.
[:]