[:kz]
Тойда микрофонды теріс ұстап, өнер көрсеткен әнші ұятқа қалды. Думанды кеште фонограммамен ән орындаған өнерпаздардың видеосын Алпамыс Шәрімов өз Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Продюсер халық ақша төлеген соң әншілер әнді жанды дауыста айтқаны абзал екенін алға тартты.»Микрофонның артымен де ән айта беруге болатын болып тұр ғой! Қазір xалық сауатты, фонограмманың не екенін біледі. Билетке ақшасы төленген концерт, тойда алатын гонорар бар жерде жанды, табиғи дауыспен айту керек деп ойлаймын! Заң былай тұрсын, алдап алынған ақшаға қалайша нан сатып алуға болады?», -деп жазған ол.
Бұл видеоны көрген желі қолданушылары өнерпаздарды әбден сынаған.»Ұят-ай», «Масқара», «Өзіміз талап етсек айтады ғой», «Қолдарына бір қараса, қайтеді», «Байқамай қалған ғой»- деп жазған олар.
[:]