[:kz]
Мәскеуде оппозициялық саясаткер Борис НЕМЦОВТЫ еске алу шеруі басталды. Қатысушылар академик САХАРОВ даңғылымен жүріп өтеді. Акцияның өту үшін қала басшылығынан рұқсат алынған. Бұл туралы Жас Алаш ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Шараға қатысуға 30 мың адам ытна білдірген. Түрлі саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғаушылар да келген. Сондай-ақ, «За права человека» қозғалысының басшысы Лев ПОНОМАРЕВ, «Солидарность» қозғалысының жетекшісі Илья ЯШИН, саясаткерлер Геннадий мен Дмитрий ГУДКОВ, журналист, қоғам қайраткері Николай СВАНИДЗЕЛЕР де бас қосты. Акция бейбіт түрде өтуде. Ешқандай да тәртіп бұзушылық болған жоқ.
Ресей президенті Владимир ПУТИННІҢ қарсыласы саясаткер Борис НЕМЦОВ 2015 жылы 27-не 28-ші ақпанға ауған түні Кремльден небары 200 метр жерде қастандықпен өлтірілді. Оппозиционердің өлімінен кейін елу мың адам шеруге шыққан болатын. Еске алу шеруі содан бері жалғасып келеді.
Фото: nemtsov-most.org
zhasalash.kz
[:]