АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мәскеуде Асқар Ақаевтың ұлы қайтыс болды[:]

[:kz]

Айдар Ақаев. Фото: whoiswhopersona.info/who.ca-news.org. Коллаж KAZ.NUR.KZ

Мәскеуде 5 ақпанда Қырғызстанның алғашқы президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаев кенеттен көз жұмған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, Айдар Ақаевтың өлімі туралы жақындары хабарлаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша 44 жастағы Айдар Ақаевтың кенеттен жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

Айта кетейік, Қырғызстанды 1990-2005 жылдар аралғында басқарған Асқар Ақаевтың Бермет, Айдар, Саадат және Илим есімді төрт баласы бар.

2005 жылы Бермет пен Айдар Ақаевтар Жоғарғы Кенешке кандидат болып, биліктің «Алға Қырғызстан» партиясынан депутаттық мандат алды. Бұл өз кезегінде елде жаппай наразылық тудырды.

2005 жылдың 24 наурызында «Ақ үйді» басып алумен аяқталған митингтердің нәтижесінде Асқар Ақаев қызметінен алынып, ол елден отбасымен бірге қашып кетті.

Айдар Ақаев кинематография саласында танымал Чокубаевтар әулетінің қызы Сайкалға үйленген. Олардың екі баласы бар.

Ақаевтар отбасы Мәскеуге көшкеннен кейін, Айдар кәсіппен айналысқан.

 

[:]